Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет138/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

абаб 
ұйқасты екі бөліктен тұрған да әрқайсысы тармақаралық 
инверсиямен құрылған:
Қор болды жаным
Сенсіз де менің күнім.


330
Бек бітті халім
Тағдырдан келген зұлым (I, 99).
Ал соңғы екі жолдың қорытындыда инверсия жоқ:
Тағдыр етсе Алла,
Не көрмейді бәндә.
Өлең бұл тәртіпті бастан-аяқ сақтайды.
Инверсияны өлең мазмұнына қарай пайдалану жағынан 
өте бір қызық шығарма – «Ғылым таппай мақтанба». Бұл – 
композициялық құрылысы жағынан екіге бөлінеді. Ұйқас та 
осы композицияға сәйкес, әр бөлік бір ғана ұйқаспен құрылған. 
Алғашқы бөлікте – шарт қойыла айтылған ақыл, соңғыда – жай 
ғана шартсыз тілек. Алдыңғы бөлік бастан-аяқ тармақ аралық 
инверсиямен берілген:
... Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге... 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз... (I, 44).
Екінші бөлікте инверсия жоқ:
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл...
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма (I, 45, 46).
Айтылмақ негізгі ойды дәл, айқын, екпін түсіре жеткізу 
үшін инверсияны пайдалану Абайдың әсіресе шағын
буын-
ды 
абаб 
ұйқасты өлеңдерінде көзге түседі. Мұндайда негізгі 
ойды білдіретін сөйлем мүшелері алдымен (алдыңғы тармақта) 
келеді де тұрлаусыз мүшелер, әсіресе қимыл-сын пысықтауыш 
не бағыныңқы екінші орында айтылады:
Әуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды. 
Құрбыдай хош тұттым 
Жасың мен кәріңді. 
Жоқтамай ұмыттым 
Ақыл мен нәріңді (I, 220).
Бұл типтес өлеңді инверсиясыз құрса да, өлеңдік белгілері 
бұзылмас еді: 
абаб 
ұйқасын құраған жолдар 
баба 
болып 
орналасқан болар еді. Бірақ екеуінің модальдық реңкі екі түрлі 


331
болары даусыз. Бірінші инверсиялы вариантта суреттелмек 
ойдың өзі бірінші орында, негізгі көңіл лирикалық геройдың 
психологиялық, моральдық күй-қалпын білдіруге арналады, 
сондықтан да «әуремін мен тыя», «құрбыдай хош тұттым», 
«ортаға кеп салдым» т.т. конструкциялар бірінші болып айты-
лады.
Әрине, Абай тармақ аралық инверсияны тек логикалық 
екпінді бірінші орынға қою үшін ғана қолданбаған. Сірә, 
біздің байқауымызша, ақын 
-ып
 
жұрнақты көсемшемен келе-
тін конструкцияны (қимыл-сын пысықтауышты немесе бағы-
ныңқыны) екінші тармаққа орналастыру арқылы тағы да бір 
екпін қоюды көздеген. Атап айтқанда, мұндай өлеңдерде 
-ып
 
жұрнақты көсемше ұйқас құраушы элемент болып келеді де 
өздері белгілі бір модальдық қызмет атқарады: олар (көсемше 
ұйқастар) не оқиға, іс-әрекетке динамикалық реңк береді, не 
іс-әрекеттің орындалу амалына көңіл аудартады. Мысалы: 
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Байлар жүр жиған 
малын қорғалатып» деген өлеңдері бастан-аяқ инверсиямен 
құрылған: бұларда әрбір 
2
-тармақ 
-ып
 
жұрнақты көсемшеге 
аяқталып, тұтас ұйқас түзейді, екеуінде де көсемшелі тармақтар 
оқушының назарын өзіне аударатындай экспрессивтік мәнді 
болып келеді, тіпті эмоциялық-экспрессивтік реңк көсемше 
тұлғасында тұрған етістіктің семантикалық бояуы арқылы да 
күшейе түседі: бұл етістіктердің көпшілігі әр алуан кекету, 
кеміту, ирониялау т.т. мәнді болып келеді 
(шықылықтап, бос 
салақтап, ыржақтап, бұтып-шатып, Құдай атып 
т.т.)
Біздің бұл топшылауымызды Абайдың өзге өлеңдері де 
дәлелдей түседі. Мысалы, «Болыс болдым, мінекей» деген 
шығармасында өткен шақ көсемше тұлғасынан жасалған 
қимыл-сын пысықтауыштар немесе бағыныңқының баянда-
уыштары тармақ соңында келіп ұйқас құрайды. Осы тәсіл 
арқылы ақын осы сөздерге көңіл аудартады және бұлардың 
көпшілігі әр алуан экспрессивтік мәні бар образды етістіктер 
болып келеді. Бұл өлең, жоғарыда талдадық, бірнеше шоғырдан 
тұрады. Солардың ішінде I, II, IV шоғырлары болыстың 
портретіне арналған. Жағымсыз болыстың портретін эмоция-
лы түрде жеткізу үшін ақын әрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет