Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет135/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ошибками
отцов и поздним их умом» деген жолдарының аудармасы. 
Лермонтов, I, 32). Сондай-ақ:


324
Сөз ұғарлық кем 
кісі 
(I, 132).
Кісімсінген 
жеп кетер білімсіз 
көп 
(I, 67), 
деген жолдарда да анықтауыш пен анықталғыштың арасына 
өзге мүшелер келтірілген.
Кейде анықтауыш пен анықталғыш екі тармаққа орналас-
қан болып келеді. Мұндайда да араларына өзге мүшелерді са-
лып, инверсия жасау бар:
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі 
жастарға 
бермек үшін (І, 96), –
дегенде «көкірегі сезімді, тілі орамды жастар» тіркесінің ара-
сына өзге сөздер түсіп тұр. Кейде еселенген (двойное) инвер-
сиялар кездеседі. Мысалы:
Алмасы 
өкпе болар 
қол батпаған 
(I, 24), –
дегенде 
қол батпаған 
деген анықтауыш 
өкпе 
сөзіне емес, 
алмаға 
қатысты. Ол әрі анықталғыштан кейін орналақан әрі екі 
ортаға 
өкпе болар 
деген баяндауышты салған.
Осы елде 
бозбала 
жоқ 
сөзді ұғарлық 
(I, 37), –
дегенде де еселенген инверсия пайда болып тұр.
Қабыса байланысқан мүшелердің арасына бөгде сөз келті-
ріп инверсиялау, тегінде, ырғақ пен өлшем мүддесінен туады. 
Өлең синтаксисі мұндай тәртіпті көтергенімен, кейде сөйлем 
мағынасын ауырлатып, ойды түсінуге қиындық келтіреді. Мы-
салы:
Орынсыз 
адамдармен жыртақтаған (I, 24), –
дегенде, 
орынсыз 
сөзі 
адам 
сөзіне қатысты ма, әлде автор 
орын
-
сыз жыртақтау 
дегенді айтып тұр ма? Сірә, соңғысы болса 
керек, демек, мұндағы инверсия ритмика-интонациялық мис-
сиясын дұрыс атқарып тұрғанмен, айтылмақ ойдың мағынасын 
күңгірттеп тұр.
Маяны 
самұрық қонды 
тасқа апарып 
(I, 279), – дегенде де 
инверсия тек ырғақ талабымен орындалған, бірақ сөйлемнің 
түсініктілігіне нұқсан келтірілген.
Көмекші етістікпен келген тіркестердің арасына өзге сөз 
салып немесе орындарын өзара алмастырып инверсия жасау 
тәсілі де сирек болса да ұшырайды:
Кімге 
достық 
көп 
еттім 
(I, 108). 
Болды 
да сыйлап 
ас бермек 
(II, 132). 


325
Адаммен сонан бері 
болды кекті 
(II, 118). 
Теп-тегіс жұрттың бәрі 
болды аларман 
(I,
 
28). 
Қабырғалы, жотасы 
болса күшті 
(I, 47).
Сағаттың шықылдағы 
емес ермек 
(I, 201).
Инверсияның бұл түрлерінің барлығы да – ритмика-инто-
нациялық талаптан жасалғандар. Мына мысалда 7 буын-
ды тармақ екі бунаққа бөлінуге тиіс болса, оның бунақтарын 
4+3+4 етіп бөлу үшін тек қана инверсия жәрдемдесіп тұр.
Көкірегі /сезімді/ тілі орамды
Жаздым үлгі /жастарға/ бермек үшін.
Абайда бұл ретте жүйелі түрде келетін инверсияның тағы 
бір түрі бір тармаққа орналастырылған параллель бірыңғай 
мүшелердің арасына сөйлемнің өзге мүшелерін келтіру арқылы 
жасалған:
Қаны қара 
бір жанмын, 
жаны – жара 
(I, 223).
Онда оны 
алдайды, 
мұнда – мұны 
(I, 161).
Ездің басы 
қаңғырсын, 
ердің – көңлі 
(I, 203).
Біреу астық 
алады, 
біреу – маржан 
(I,
 
43).
Сыртқа пысық 
келеді, 
көзге – сынық 
(I, 38). 
Күндіз күлкің 
бұзылды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет