Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет132/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

абаб 
ұйқасына құрған, ал 
а 
мен 
б 
тармақтарының ұйқасып кетуі 
-ман
 
жұрнақты етістіктен жасалған тұлғаға байланысты болар.


316
* * *
Шумақ элементі бар өлең типтері табиғаты жағынан 
шумақсыздарға жуықтайды. Өйткені бұлардағы шумақ эле-
менттері көлем жағынан шумақсыз құрылған бөліктен әлде-
қайда кіші болып келеді әрі көбінесе ол «шумақтар» өлеңнің 
басында беріледі. Еске сала кетейік, бұл өлең түріне біз 
ааба 
болып басталып, әрі қарай жол аралатып кезекті 
а 
ұйқасымен 
жазылғандарды жатқыздық. Кейде бұл шумақ элементі өлеңнің 
ішінде де кездеседі, кейде тіпті аяғындағы төрт жол шумақ 
тәртібімен құрылады. Бұл типте 11 буынды да, 7-8 буынды 
да өлеңдер бар. Бұл топтағы Абайдың біраз шығармасы таза 
шумақсыз өлеңдері сияқты ұйқас суретіне қарай бірнеше 
шоғырға бөлінеді және әр шоғыр белгілі бір мазмұнға (ойға, 
идеяға) бағышталады. Шумақсыз өлең бөліктерінен бұлардың 
айырмашылығы: кейде әр шоғыр 
ааба 
болып шумақ тәртібімен 
басталады. Мысалы, «Ал, сенейін, сенейін» өлеңі үш шоғырдан 
тұрады, 1-шоғыр – 8 жол, 2-шоғыр – 6 жол, 3-шоғыр – 14 жол. 
Мұнда әр шоғыр 
ааба 
болып басталады да әрі қарай жол ара-
латып 
а 
ұйқасымен кетеді. «Қайғы шығар ілімнен» өлеңі 7 
шоғырдан тұрады, әр шоғырдың тармақ саны әртүрлі, ең көбі 
– 12, азы – 4, әрқайсысы 
ааба 
суретті шумақтан басталады. Әр 
шоғырдың ұйқасы әр бөлек. Сонда 
ааба 
ұйқасымен берілген 
шумақ элементі әр бөліктен «серкесі», беташары, «бөркі» 
ретінде келеді. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің 
алғашқы 20 жолын бастап беретін:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды, –
деген шумақ – сұлу қыздың сыртқы мүсінін, бет-келбетін 
суреттейтін шоғырдың беташары, әрі қарайғы 16 жол – осы 
портреттің жалғасы. 14 жолдан тұратын келесі шоғыр қыздың 
және сол «қыз жақтаған кейбір жігіттердің» моральдық бейнесін 
суреттеуге арналған, оның да «бісмілдасы» шумақ суретімен 
басталады. Бұл өлең 4 жолдық 
ааба 
ұйқасты шумақпен бітеді, 
бірақ бұл шумақ та мазмұны жағынан алдыңғы шоғырдың 
жалғасы болып табылады.


317
ааба 
ұйқасты шумақ элементі Абайға тек әртүрлі ұйқас-
тырылған шоғырларды бастау үшін ғана емес, бір ғана ұйқаспен 
берілген өлеңдердің композициялық жігін ажырату үшін де 
керек болған. Біздіңше, бұл тәсілдің негізгі миссиясы да – осы. 
Мысалы, «Қалың елім, қазағым...» деген өлең бастан-аяқ бір-
ақ ұйқасқа құрылған, синтаксистік-композициялық құрылысы 
жағынан 4 шоғырға бөлінеді, алғашқы 12 жол 
ааба 
болып ба-
сталып, әрі қарай кезекті ұйқаспен, «қазағына, қалың еліне, 
қайран жұртына» ақынның берген бағасы болып шығады, 
келесі 6 жол – идеясы жағынан 1-шоғырдың жалғасы, бірақ 
ааба 
мен басталған жаңа бөлік, ал соңғы тармақтар – жеке-же-
ке екі шумақ.
Абайдың ұйқасы біртұтас 2-3 өлеңінде алғашқы төрт 
тармақ – бір шумақ, келесі 4 тармақ – тағы бір шумақ, бірақ 
«құйрықты» шумақ болып келеді, яғни келесі бөлік 
ааба 
бо-
лып басталып, әрі қарай шоғырға айналып кетеді. Олар – «Бай-
лар жүр жиған малын қорғалатып» пен «Базарға қарап тұрсам 
әркім барар» өлеңдері.
Шумақсыз өлеңдердің біразы – 11 буындылар. Олардың 
ааба 
суретті бөліктерінің синтаксистік құрылымы дәл шумақ-
ты өлеңдердегідей, ал әрі қарай кезекті ұйқаспен берілген 
жолдардың синтаксистік құрылымы көбінесе шумақтың 
соңғы 
ба 
ұйқасымен келген тармақтардікіндей болады, яғни 
көбінесе екі жол бірігіп, бір единица (сөйлем) құрайды. Бұған 
екі жолдың өзара ұйқаспай келуі көп мүмкіндік береді.
Синтаксистік құрылымы жағынан өзара ұйқаспай келетін 
екі жолдың сыйымдылық дәрежесі жоғары, мұнда (әсіресе 11 
буындыларда) бірыңғай немесе жайылма мүшелі жай сөй-
лемдерді де, «толыққанды» құрмалас сөйлемдерді де сыйғызу-
ға болады, демек, авторға өз ойын толық, бірден білдіруге 
кезекті ұйқас әлдеқайда қолайлы. Әсіресе, 
ааба 
түріндегі 
бір шумақта берілген ойды (идеяны, мазмұнды) әрі қарай 
кеңейтіп, жалғастыру үшін жаңа шумақтан гөрі кезекті 
ұйқаспен жеткен тармақтар тобы тиімді:
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, – 
а
Сомалап ақшасына сонан алар. – 
а
Біреу ұқпас сөзді біреу ұғар, – 
б


318
Бағасын пайым қылмай ақтаң қалар. – 
1) Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма, –
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. – 
а
2) Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ. –
Біреуден біреу алып, елге тарар. – а
3) Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой, –
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұрсаң жарар. – 
а
4) «Ит маржанды не қылсын?» деген сөз бар, –
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. – 
а
(I, 43).
Алдыңғы
төрт жолдың әрбір екі тармағы бір-бір құрмалас 
сөйлем жасап тұр да көрсетілген келесі «қосақтар» беташар 
«шумақта» бастап берген автор ойын, яғни ақын сөзін біреуі 
ұғып, біреуі ұқпайтындар туралы ойды кеңейтеді.
Бұл тәсіл Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясына да жат бол-
майтын (осы күнгі поэзиямызда бұл – кемде-кем ұшырасатын 
тәсіл, қазірде өлең не таза шумақты, не таза шумақсыз болып 
жазылады). Ал Абай бұл құрылысты, мүмкін, интуитивті түрде 
(өзіне дейінгі дәстүрдің ықпалымен), мүмкін, кей сәттерде 
саналы түрде пайдаланған болар. Саналы түрде пайдалану-
ына бұл құрылыстың синтаксистік түзілісінің ұтымдылығы 
(сыйымдылығы) себепкер болуы мүмкін. Өйткені Абайдың 
бір-ақ ұйқаспен берілген біраз өлеңі шумақ тәртібімен баста-
лып, әрі қарай кезекті ұйқаспен жалғастырылады да бір ғана 
бөлік болып шығады, демек, бір өлең бір ғана ой, бір ғана 
идеяға бағышталған бір абзац ретінде беріледі. «Қуанбаңдар 
жастыққа», «Өзгеге көңілім тоярсың»
112
, «Қыран бүркіт не ал-
майды салса баптап», «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды», «Жа-
сымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. өлеңдері осындай.
Сөйтіп, бұл типтес өлеңдердің композициялық құрылысын-
да бірден-бір рөл атқаратын фактор – 
ааба 
суретті «беташар» 
жолдар болып шығады. Абайдың едәуір өлеңі бастан-аяқ бір 
ұйқаспен берілгенде, оларды композициялық бөліктерге ажы-
112
Бұл өлең 1957 жылғы кітапта 4 тармақтан тұратын шумақты өлең етіп 
жазылған, бірақ бұл графикалануы – дұрыс емес. Өлең 
ааба 
түрінде басталып, 
аяғына дейін кезекті бір ұйқаспен кетеді. Дәл осындай графикалық бұрыстық 11 
буынды «Әуелде бір суық мұз...» деп басталатын өлеңде де бар. Бұл да – кітапта 
жазылғандағыдай шумақты емес. Ол да – 
ааба 
түрінде басталған, әрі қарай кезекті 
ұйқаспен жалғасатын өлең.


319
рататын нәрсе – осы «беташарлар», яғни әр бөліктің 
ааба 
су-
ретті «шумақ» болып басталуы (шумақсыз өлеңдерінде бұл 
қызметті ұйқас атқаратынын көрсеттік). Кейде бұл миссия-
ны орындауға ұйқас та қосылуы мүмкін: бірқатар өлеңдердің 
композициялық бөліктері әрі шумақ болып басталады, әрі өзге 
ұйқаспен құрылады. Бұлардағы әр бөлік кейде шумақтардағыдай 
шағын «тап-тұйнақты» синтаксистік тұтастық шеңберінен 
асып кетеді. Сондықтан біздің әр шоғырдың немесе жеке 
өлеңнің басындағы 
ааба 
болып басталатын конструкцияны 
шумақ деп атауымыз бірқыдыру шартты болып шығады, яғни 
осы шумақтағы ой грамматикалық жағынан аяқталғанымен, 
мағыналық жағынан әрі қарай жалғастырылып, шумағымыз 
тұтас үлкенірек ойдың бір пұшпағы болып танылады. Мұнда 
әрі қарай жалғастырыла берілген тармақтар екі-екіден 
грамматикалық единица құрайды: көбінесе екеуі бір сөйлем 
(жайылма жай немесе құрмалас) түзейді. Бұл типтегі өлеңдерде 
тасымал жоққа тән, сөйлеу тілі элементі де әлсіз, параллелизм-
дер де кемде-кем ұшырасады.


320


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет