Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет129/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

дің
жүз
і
,
Кесте
нің
біз
і
...
Көп айт
са
, көнд
і
Жұрт айт
са
, болды...
Қадір
лі
бас
ым
Қайрат
ты
жас
ым
...
Абай бұл өлеңдегі параллельдерді жасауда тепе-теңдік үшін 
сөз құрамының қосымшалары ғана емес, тіпті сөздің өзінің 
біркелкі болып келуін көздеген. Мысалы: 
басы-көзі қан боп 
де-
генде алғашқы сөз қос сөз түрінде берілсе, келесі тармақтың 
басқы сөзі де 
(арқа-басы 
шаң боп) қос сөз етіп берілген. Не-
месе: 
жаяуы қашты
дегенде 
жаяу 
сөзі субстантивтенген сын 
есім болса, оның параллеліндегі сөз де 
(аттысы шапты) 
суб-
стантивтенген сын есім болып келген.
Параллельдерді түзуде Абай қарама-қарсылық принципін 
де қолданған:
Білгенге 
маржан,
Білмеске 
арзан... 
Болмасын 
кекшіл,
Болсайшы 
көпшіл... 
Ауырмай 
тәнім, 
Ауырды 
жаным...
Параллель конструкциялар синтаксистік жағынан бір дүние 
(көбінесе бірыңғай мүше немесе біркелкі шағын сөйлемдер) 
болатыны аян. Бірақ параллель түрінде құрылған осы бір 
конструкцияның автономия болу тенденциясы бар, яғни те-
зис пен антитезис өлеңді екі единица түрінде келеді. Бірақ 
бұл екі единица бір-бірімен өзара іліктесіп, бір синтаксистік 
тұтастық құрайды, оған бұлардың мазмұны да, өзге амалдар 
да қатысады. Ол амалдардың бастысы – субъект ортақтығы. 
Мысалы, бірінші шумақта субъект – 
қызыл тіл, 
екіншіде – 
тіл 
мен жақ, 
үшіншіде – 
сөз ұқпас надан адам 
т.т. Бұл жерде екі 
единицадағы айтылған ойдың бір субъектіге қазықталуына 


307
олардың екі полюсті (тезис және қорытынды) болып келуі де 
себепкер, өйткені қорытынды сол тезистен шығады.
«Сегіз аяқтың» ерекше құрылған өлшемі оның синтаксисіне 
тікелей әсер еткен: мұнда 1, 2, 4, 5-тармақтар 5 буыннан тұрады, 
3, 6-және 7, 8-тармақтар 7 буынды. 5 буыннан құралған жолдар 
көбінесе бірыңғай параллель мүшелер болып келеді де үшінші 
жолмен қосылып, сөйлем құрайды:
Тамағы тоқтық, 
Жұмысы жоқтық 
Аздырар адам баласын...
Үш жолдың бұлайша бір сөйлем болып құрылуы кейде 
өлең тасымалына жол ашады. «Сегіз аяқ» – Абай өлеңдерінің 
ішінде тасымал нышаны едәуір сезілетін өлеңі. Мысалы (тасы-
мал бар жерді қос сызықпен көрсеттік):
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, //айтып бер...
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек
Жанбасқа батар, //ұйқы жоқ.
Мұнда тасымалдың арқасында соңғы жолдар синтаксистік 
екі бөлікке бөлінген: ...өнерің қайсы, [соны сен] айтып бер.
Сейтіп, алғашқы 6 жол үш-үштен топтасып, екі сөйлем 
құрайды, ол сөйлем өзара және параллель түседі, ал соңғы екі 
жол көбіне-көп бір-ақ сөйлем болып құрылады:
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз...
Ынсап, ұят, терең ой[ды]
Ойлаған жан жоқ, жауып қой...
Тегі, 7 буындық әр тармақ шағын бір-бір сөйлем құрай ала-
тындығына қарамастан, ақын бір сөйлемді екеуіне орна-
ластырған. Оған 7-8-жолдардың афоризм-тұжырым ретінде 
ұсынылғаны себеп болып тұр: екі жол – бір ой, бір мазмұн, бір 
өсиет.
Тіпті кейде бұл жолдар:
Қарғағанын жер қылмақ, 
Алқағанын зор қылмақ, –


308
түріндегі параллель конструкциялар болып келсе де, бұлар-
дың өзара жымдасуы өте тығыз (субъект – бір, мазмұны бір-
ыңғай, екеуі бір-ақ тұжырымды білдіреді). Сірә, «Сегіз аяқ-
тың» 7-8-жолдарының параллель болып келуі өте аз, көбінесе 
бір-ақ сөйлем, оның өзінде де жай сөйлем болып құрылған, 
сондықтан бұларда да тасымал нышаны күшті:
Моласындай бақсының 
Жалғыз қалдым,//тап шыным.
Ал егер екі жол құрмалас етіп берілсе, оның бір компоненті 
тіпті келте, ықшам келеді:
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 
Сөйлеймін десең, 
өзің біл... 
Ынсап, ұят, терең ой 
Ойлаған жан жоқ, – 
жауып қой.
Бұл жердегі курсивпен көрсетілген компоненттер – бір 
ғана баяндауыш арқылы берілген толымсыз сөйлемдер. Өлең 
өлшемі мен ұйқас суреті жағынан да, синтаксистік құралымы 
мен композициялық құрылымы жағынан да дәл «Сегіз аяқша» 
құрылған өлең – «Көкбайға» («Бұралып тұрып»). Бұл – бір-ақ 
шумақтан тұрған строфикалық өлең. Осы екі өлеңнен өзгеше 
құрылған және бір «сегіз аяқ» – «Сұрғылт тұман дым бүркіп» 
деп басталатын аударма өлең, бұл – әрқайсысы 8 тармақтан 
тұратын екі шумақты шығарма. Өлеңнің ұйқас суреті де 
(абабввгг), 
өлшемі де (алғашқы алты жол – 7 буынды, келесі 
екеуі – 3 буынды), синтаксистік құрылысы да мүлде өзгеше. 
Композициясы – алғашқы төрт тармақ тезис (баяндау), келесі 
екі тармақ – тұжырым, соңғы екеуі – кесім, тұжырымның 
тұжырымы:
Атаңды анаң азғырып,
Тұрғызбаған бейішке.
Алласы оны жазғырып,
Әкелді бастап кейіске, [өйткені]
Әйелде ешбір опа жоқ,
Бүгін – жалын, ертең – шоқ, (сондықтан]
Белді бу,
Бетті жу (II, 90).
Міне, Абайдың шумақты өлеңдерінің түрлері және ол шу-
мақтардың синтаксистік-композициялық құрылымы – осын-
дай.


309


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет