Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет17/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-сы (-сын)
 
жұрнақты етістікті 
айтпақ ойына сай жандандырғаны соншалық, Абай оны кейбір 
сөз тіркестеріне де, бұрын бұл жұрнақпен келмейтін сөздер-
ге де жалғап қолданады. 
Қалжыңбассып 
өткізген қайран дәу-
рен, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық – дегендегі 
қал- 
жыңбассу 
деген туынды тұлға бұрын қазақ тілінде кемде-кем 
қолданылатын болса, Абай оны өлең тіліне оңтайлы енгізген: 


65
бұл жерде «еһе-еһе-ге елірген бозбалалардың» жай қалжың 
қуған (қалжыңбастанған) жастар емес, қалжың қуғансып, 
қалжың қуудан басқа ісі жоқ, көңілі шат болғансып, өмірін 
босқа өткізген жастар екенін танимыз.
Абай өлеңдерінде кездесетін 
еркесу, серкесу 
(Еңбегі жоқ 
еркесіп, 
Бір шолақпен 
серкесіп), қайраттысу (Қайраттысып, 
қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп), 
жер тәңірісу (Жер тәңір- 
ісіп 
кермағыз), 
жарамсақсу, салғыртсу, әсемсу, сәнсу 
деген 
тұлғалар негізінен Абай қаламының туындылары.
Сөзбен образ жасауда сөздің мағынасы мен стильдік боя-
уы ғана емес, грамматикалық тұлғасы да, дыбыстық әуені де, 
синтаксистік және фразеологиялық мүмкіншіліктері де қыз-
мет етеді екен. Демек, Абай сөз өрнегін тоқуда кейбір грам-
матикалық элементтерді, яғни жұрнақтарды да пайдаланды 
дей аламыз. Етістіктің 
-мақ, сы(н)
 
жұрнақты түрлерін актив 
қолданып, тіпті олармен жаңа сөздер жасаған болса, тілге жаңа 
сөз қосу мақсатын көздеп емес, өлеңдегі айтпақ идеясының 
дәл, әсерлі, өрнекті болып берілуін көздеп пайдаланған, яғни 
бұл жерде де поэтикалық тілдің басты шарты – мазмұн мен түр 
(идея мен тіл) үйлесімі орын алған. Көрсетілген жұрнақтармен 
келген етістіктердің дені Абай өлеңдерінде стильдік мақсатпен 
келген поэтикалық образ қорын кұрайды.


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет