70
жарлы, жалшы, кедей, жалға жүру, сауда, саудагер, сату,
бақал, бақалшік, кәсіп, ұрлық, қу, қулық
т.т. Бұлардың ішінде
«айлакер» мағынасындағы әлеуметтік топ атауы
қу
сөзі 37 рет,
тағы бір әлеуметтік топ атауы ретінде XIX ғасырда жанданған
тентек
сөзі 17 рет, Абай заманында етек алған құбылыс атауы
ұрлық
сөзі 18 рет бір ақынның тілінде кездесуі оның тілінің за-
ман айнасы болғандығын танытады.
Бұл сөздердің көбі XIX ғасырдың II жартысындағы Абай-
дан өзге суреткерлерде де қолданылған
заман неологизмдері
(жаңа сөздері). Бұларды Абай тек заман келбетін суреттеу
үшін емес, осы құбылыстарды атай отырып, «түзетпек едім
заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып» деп өзі айтқандай, зама-
нын түзету үшін қолданған. Бұл ретте ақын,
әсіресе болыс,
атшабар, қу, ұры-қарыларға «қырғидай тиеді», олардың ат-
тарын атап қоймайды, портреттерін береді, қылықтарын ше-
бер
тілмен сынайды, олардан қалың жұртты безіндіреді, за-
манын сөйтіп түзетпек болады. Ақынның одан басқа шарасы
жоқ: қаруы – тілі, соны жұмсайды. Осы себептен ақын тілінде
саяси-әлеуметтік, экономикалық салалардың атаулары кеңінен
орын алған, олар тек атауыш қызметін емес, суреттеу қызметін
атқарып, ақынның сөз қолдану шеберлігін де көрсетеді.
Абай тілінің өз заманындағы лексикалық нормадан шыға-
тындығын мынадай фактілер дәлелдейді. Бұл күнде әдеби нор-
ма болып саналатын немесе жарыспалы тұлғалардың ішінде
жиірек қолданылатын сөздер Абайда жоқ болып шығады.
Мысалы, қазірде терминдік дәрежеге көтеріліп, активтен-
ген
адамгершілік
сөзі
Абайда жоқ, оның орнында
адамдық,
адамшылық
варианттары қолданылған. Сондай-ақ қазіргі
әдемілік
сөзі жоқ, бұл мағынаны Абай
әдемішілік
деп береді.
Осы қатарға
жаманшылық, әурешілік, бұзақышылық
сөздерін
жатқызуға болады, яғни Абай тілінде
жамандық, әурелік,
Достарыңызбен бөлісу: