89
Бұл айтылған теориялық жайттарды оқып білмесе де,
Абайдың тілдік интуициясы (сезімталдығы) синонимдерді
шебер жұмсауға жол берген. Синонимдердің стильдік, конна-
тативтік, үдетпелік (градациялық) қасиеттері (қызметтері) бар
десек, оларды Абай тілінен көре аламыз. Синонимдер контек-
сте мағыналық контраст деп аталатын кереғарлық мән туды-
рып, оның оқырманға тигізетін әсерін – экспрессиясын күшей-
ту арқылы стильдік жүк арқалайды. Мысалы, Абайдың бала-
сы Әбдірахманның өлімінде оның жұбайы Мағышқа шығарып
берген жоқтауындағы: «
Қызықтың
заңғар басынан Қорлыққа
кеттім
жығылып.
Құдай
қосқан
қосақтан
Жалғанда
қалдым
жырылып.
Қайғыңда
қалдым қамалып,
Қызығым кетті сыры-
лып» деген тармақтардың үш жерінде синонимдік қатарлардан
сөз таңдайды. Бірінші сөйлемде
құлау
мен
жығылу
деген
синонимдердің Абай екіншісін алады. Сырт қарағанда, ақын
тілдің әдеттегі нормасынан ауытқып кеткен сияқты,
өйткені
адам биіктен құлар болар, жығылу – көбінесе өзі аяқ басып
тұрған жеріне құлағанда болатын қимыл атауы. Ақын бұл жер-
де Мағышқа «заңғар биіктен құладым» дегізсе, ол айтпақ идея-
ны бейтарап мәнде хабарлау болар еді, ал
қызықтың
(бақытты
шақтың)
заңғар биігінен жығылдым
дегенде
әрі мағыналық
контраст пайда болып, бұл сөйлемнің экспрессиясы күшейіп
тұр, әрі
биік
деп тұрғаны – өз
мағынасындағы биіктік емес, ау-
ыспалы мәнде келген сөз: бұл
биік –
Мағыштың Әбдірахман-
дай асылға жар болған бақыты, демек, өзінің өмірі. Мағыштың
қызықтың заңғар басынан жығылғаны – ең бақытты шағынан
айрылғаны. Сол сияқты келесі сөйлемде де Мағыш
Достарыңызбен бөлісу: