Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


мақ, -ар жұрнақты етістіктер  мысал бола алады.  -мақ



Pdf көрінісі
бет223/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақ, -ар
жұрнақты етістіктер 
мысал бола алады. 
-мақ
жұрнақты тұлға Абайда өте жиі 
қолданылады, ол, ең алдымен, шақты, райды, жақты, жекеше-
көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы ұғымын білдіретін 
қимыл атауы ретінде жұмсалады, яғни осы күнгі -
у
жұрнақты 
тұйық етістікпен қызметтес келеді: «
Ішпек, жемек, кимек, 
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, ман
-
сап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық
бұл нәрселердің 
бәрінің де өлшеуі бар (II, 218).
Екіншіден, Абайда бұл тұлға қазіргідей етістіктің шақтық 
қатынасын білдіреді, яғни мақсатты келер шақ категориясын 
жасайды. Үшіншіден, ол Абайдың әсіресе өлеңдерінде әрдай-
ым бола беретін, бір нәрсеге тән, тұрақты, үздіксіз іс-әрекетті 
білдіріп, ар немесе осы күнгі -
а + ды
аффиксті тұлғалармен 
қызметтес түседі:
Ақылды қара қылды қырыққа 
бөлмек ( = бөлер = бөледі).
Әр нәрсеге өзіндей баға 
бермек (= берер = береді)
(I, 27). 
Күшті 
жықпақ ( = жығар, = жығады),
бай 
жеңбек ( = 
жеңер = жеңеді)
әуел бастан (I, 32).
-мақ
-пен жасалған тұлға Абайда барыс септігінде келіп, 
қимылдың мақсатын білдіреді, яғни супиндік мәнге ие болады 
(бұл да өлеңдерінде жиі ұшырасады):
Мал жияды мақтанын
 
білдірмекке
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке (I, 197).
-ар
жұрнағымен жасалған есімше тұлғасы да Абай тілінде 
бірнеше қызмет атқарады: ол көбінесе белгілі бір шаққа қатысы 
жоқ, әрдайым, үздіксіз болып тұратын іс-әрекеттің мағынасын 
береді. Бұл әсіресе өлеңдерінде өте жиі ұшырайды:
Өлсе – өлер табиғат, адам 
өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, 
ойнап-күлмес
(I, 178).


492
Екіншіден, 
-ар
жұрнағы болжалды келер шақ формасын жа-
сайды: «Оның мәнісі – ісіңнің түзулігінен 
жетпессің
, кісіңнің 
амалшы, айлалығынан жетерсің деген сөз» (II, 160). 
Үшіншіден, анықтауыш позициясында келіп, осы қызмет-
тегі -
тұғын (>тын) 
жұрнақты тұлғамен әуендес болады: 
«Ғылым сөзін 
сөйлесер (
~
сөйлесетін)
адам жоқ (II, 157); «Мына 
мен айтқан жол мал 
аяр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет