Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ӨЛЕҢНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет99/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ӨЛЕҢНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Өлең тілінің
57
синтаксисін сөз ету үшін үлкен екі топ мәсе-
ленің бетін ашып алу қажет болады. Бірінші – поэзия тілінің 
синтаксистік құрылысы дегеннің өзі қандай мәселелерді 
қамтиды, екінші – өлең синтаксисіне қатысты қандай фактор-
лар бар. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты: мәселелердің 
алғашқы тобы келесі топтағылардан шығарылып айқындала-
ды. Поэзия тілінің синтаксисін зерттеу өлең тексін классика-
лық грамматиканың (оның ең шағын түрі – мектеп грамма-
тикасының) схемасына салып, сондағы категориялардың бар-
жоғын, нормалы-нормасызын түгендеп шығу емес екені айдан 
анық. Өлеңді сөйлемнің синтаксистік құрылымын сөз еткенде
ең алдымен, оның қара сөздегі (әдеттегі) сөйлем құрылымынан 
түбірлі айырмасын ескеру қажеттігі туады. Өлеңді сөйлем– 
ерекше сөйлем. Бірақ оның ерекшелігін прозадағы сөйлем 
құрылымы түп-тамырымен бұзылып, сөйлем нормасына де-
формация жасалады деп ұғынуға болмайды. Өлеңдегі син-
таксис ырғаққа (ритмикаға) байланысты құрылатындығымен 
ерекшеленеді. «Поэт как бы ставит задачу «оправдать ритм»
58

Сонымен қатар өлең сөйлемдері буын, бунақ (өлшем– метри-
ка) тәртіптеріне қарай қара сөздегіден басқаша құрылады»
59

Демек, бұл жерде (өлеңде) кейбір ғалымдар (Б.Эйхенбаум, 
57
Орыс филологиясынан 
стихотворная речь
деген терминді жиі кездестіреміз. 
Орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте «язык» пен «речь» сөздерін ажыратып, терминдеу 
тенденциясы күшті. «Л. Якубинский... определяет речь как явление языка. Если 
язык есть система знаков, то речь – действие, использование этих знаков... язык 
есть возможность выражать мысли и чувства, а речь – одна из реализованных форм 
этой возможности» (Махмудов Х.Х. Некоторые вопросы теоретической сти листики 
// Филологический сборник. - Вып. IV. - Алма-Ата, 1965. - С.225). Орысша-қазақша 
лингвистикалық терминдер сөздігі (Алматы, 1966) бойынша 
речь 
қазақша – «сөз, 
тіл». Сөйтіп, қазақша екі ұғымды да бір ғана «тіл» сөзімен білдіруге мәжбүрміз. Осы 
жұмыста бірсыпыра терминнің қазақшасын жаңадан жасауға немесе сәл өзгертіп, 
басқаша атауға тура келді, өйткені өлең тілінің синтаксисі, жалпы өлең құрылысы 
туралы қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиеттің әлі де тапшылығы бұл саладағы 
қазақша терминдердің қалыптасып, дағдылы болып кетуіне мүмкіндік бермей келеді. 
Сондықтан біраз сәттерде біз бірсыпыра терминдердің орысшасын жақша ішіне қоса 
көрсетіп отырдық.
58
 Томашевский Б.В. 
Стих и язык. - М., 1958. - С. 20.
59
 Жұмалиев Қ.
Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.


228
О.Брик) көрсеткендей, жалаң синтаксис емес, ритмика-син-
таксис (дәлірек айтсақ, ритмикалы синтаксис) құбылысын 
зерттеуіміз керек. Бірақ қайткенде де өлең синтаксисі мен жал-
пы синтаксис екеуі – екі бөлек дүние емес. Өлең тіл нормасы-
нан шығып кетпейді, соның заңдарына сүйенеді
60
. Керісінше, 
проф. Қ.Жұбанов дәл айтқандай, ол әдеби тіл нормасын 
белгілеуге әсерін тигізеді: «...Художественная литература дей-
ствительно отличается (особенно когда она стихотворна) от 
обыденной, т.н. «рассудочной» речи своим синтаксисом, мор-
фологией и лексикой, но тем не менее подчиняется известному 
закону, более того, задает тон в установлении грамматических 
законов языка»
61
.
Қара сөзбен берілген ойымызда сөйлемдер өзара тығыз бай-
ланысып, күрделі синтаксистік тұтас дүниелер құрайтын болса, 
өлеңде оның тармақталуына, тармақтардың ұйқасуына, әсіре-
се, өлеңнің шумақтарға бөлінуіне қарай ондағы сөйлемдердің 
бір-бірімен топтасуы тіпті күшті болады
62
: өлеңдегі сөйлемдер 
өзіне тән әр алуан тәсілдермен берік жымдасып, «цементте-
ліп» қалады. Демек, өлеңді фразаны, не сөйлемді, немесе 
сөйлемдер тіркесін талдағанда, оларды қарапайым (қара сөз-
дегі) синтаксис категорияларына қарай бұтарлай салуға бол-
майтындығы былай тұрсын, өлең синтаксисін өзіне тән 
тәсілдерді қоса қамтып зерттеуге мәжбүрміз.
Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде сөйлемдер-
дің бір-бірімен байланысу амалдарында синтаксистік қайта-
лаулар, яғни жарыспалы сөйлемдер тобы болуы тәрізді немесе 
сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінде инверсия, өлең тасы-
малы (стиховой перенос) тәрізді өзгешеліктер көзге түседі.
Орыс тіліндегі өлең құрылысын зерттеуші Н.С.Поспелов 
өлең тілінің синтаксисін күрделендіретін алты түрлі фактор-
ды ескеруді ұсынады. Олар: 1) өлең тармағындағы сөздердің 
мейлінше тығыз топталатындығы; 2) өлең тармақтарының 
бірінен екіншісіне көшкенде, синтаксистік байланыстың әлсі-
60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет