Генетика және селекция негіздері



Дата10.06.2017
өлшемі140,34 Kb.
#18548
10 сынып

Қолданбалы курс бағдарламасы:


Генетика және селекция негіздері

Қосбаева Г.Б.


2016-2017 оқу жылы

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауылы

№49 орта мектебі КММ

Биология пәні мұғалімі

Қосбаева Гульнар Бакитжановна

№49 орта мектеп КММ

10 сыныпқа биология пәнінен қолданбалы курс



б а ғ д а р л а м а

ГЕНЕТИКА және СЕЛЕКЦИЯ НЕГІЗДЕРІ

Бағдарлама туралы түсінік хат;

Курстың мақсаты; Оқушыларды әлеуметтендіру әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамандыққа баулу.

-Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

-Биология туралы ұғымды үйрету.

-Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту,

-Адамгершілікке тәрбиелеу,

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшіе келесі міндеттер қойылады:

-оқушының ойын дамыту;

-кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;

-ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;

-оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау, беиім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкүндік беру;

-оқушылардың стандартты логикалық операйияларды жылдам және дұрыс орындау іскеррлігін дамыту;



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы,танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

Пәнаралық байланыс; химия,математика, гкография, география, экология, анатомия, жануартану.

Кәсіпке бағдарлау:биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология бағытына даярлау.

4.УАҚЫТ КӨЛЕМІ:34 сағат,аптасына 1 сағат.

5.Курсты ұйымдастыру форимасы: дәріс, ойын, есептер шығару. Топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

6. Курсты оқытуды аяқтау формасы

-рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.

- түрлі генетикалық есептер шығару.

- тест сұрақтарына жауап беру.



7. Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

Биологиялық және генетикалық ұғымдармен тереңірек таныс болу.

Генетикалық заңдылықтарды түсіну

Биология пәнінен меңгерген білім, білік, іскерлік дағдыларын басқа ғылым салаларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.

Баңғдарлама туралы түсінік хат.

Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамандыққа баулу.


  • Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

  • Биология туралы ұғымды үйрету.

  • Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

8. Оқу жетістіктерін бағалау:

- деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.



9. ұсынылатын әдебиеттер: - Оқушыларға: 1. Мектеп оқулықтары, 10-11 сыныптары. 2. Гуляев Г.В Генетика Москва 1977. 3. Сартаев А, «Генетикалық есептеп жинағы» 4. Сартаев А «Жалпы биология есептері мен тапсырмалары» 5. Интернет желісін пайдалану.

- Мұғалімге: 1. Мұхаметжанов К. «Генетика және селекция негіздері», 1996.

2. «Биология салауаттылық негіздері» журналдары

3. «Биолог анықтамалығы» журналдары

4. Инге-Вечемов: Генетика с основами селекции. Москва 1989.

5. Л.Ү. Әбшенова, Б. Заирова «Биология. оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге және олимпиадаларға дайындауға арналған тапсырмалар», Алматы 2009

Тақырып жоспарының мазмұны.

Кіріспе (1 сағат), Генетика негіздері (22 сағат)

Генетика ғылымы және оның жаратылыстану ғылымдар жүйесіндегі орны.

Генетика ғылымының даму кезеңдері. Генетика саласындағы ғылыми зерттеулер. Эволюциялық ілім (Ч. Дарвин). Тұқым қуалаушылық заңдарының ашылып қалыптасуы (Г. Мендель, Т. Бовери, У. Сзттон, Т. Морган, В. Иогансен, Г. Де Фриз, К. Коренс, Э. Чермак, Н. Вавилов т.б

Г. Мендель оның еңбектері. Гибридолгиялық әдіс. Моногибридті будандастыру. Доминанттық, рессисивтік белгілер.

Аллельді гендер Фенотип және геотип. Гомозиготалы, гетерезиготалы даралар. Г. Мендельдің 1-2 заңдары. Белгілердің ажырау себептері. Гаметалар тазалығы гипотезасы. Талдай шағылыстыру. Моногибридті шағылыстырудың цитологиялық негіздері. Тіркес тұқым қуалау. Тіркесу топтары. Генетикалық карта. Т. Морган заңы. Хромосомалық теория. Кроссинговер. Ген, құрылымы, қасиеті. Гендердің арақатынасы. Геотип.



Жыныс гентикасы. Жынысты анықтау. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гемофилия және дальтонизм. Гендердің өзгеруіне ортаның әсері. Медициналық гентика. Адамның тұқым қуалайтын аурулары олардың алдын алу.

Өзгергіштік заңдылықтары (4 сағат)

Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштер. Мутациялардың жиілігі мутацияның пайда болуына ортаның әсері. Геномдық және хромосомалық, гендік мутациялар. Экперементтік мутациялар. Селекциядағы мутацияның ролі. Н. И. Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы. Генетика және эволоюциялық теория. Популяциялар генетикасы. Аллельдер және генотиптер жиілігі. Харди-Вайнберг заңы. Табиғи сұрыпталудың түрлері: тұрақтандырушы және қозғаушы сұрыптаулар.



Өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдер селекциясы (6 сағат)

Селекцияның генетикалық негіздері. Селекция үшін бастапқы материалдарда іріктеп алу, бағалау. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Өсімдіктер селекциясы. Өсімдіктерді қолдан сұрыптау және будандастыру. Селекциядағы табиғи сұрыптаудың маңызы. Айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздігінен тозаңдануы. Гетерозис. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Полиплоидия. Жануарлар селекциясы. Үй хайуанаттарын әріден будандастыру.



Лабораториялық жұмыстар

Вариацилық қатарды құру және жапырақ ұзындығының өзгергіштігінің вариациялық қисық сызықтарын көрсету.



Көрсетілімдер

Мендель заңдарын, Т. Морган еңбегін, гендік инженерия электрондық оқулығын пайдалану.



Қорытынды (1сағат)


Қолданбалы курсқа арналған күнтізбелік жоспар




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

күні


Ұйымдастыру формасы

барлығы

дәріс

практикалық



1.

Генетика-тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым

1

1




03.09.

дәріс

2.

Тұқым қуалаудың заңдылықтары

1

1




10.09.

дәріс

3.

4.


Есептер шығару

2

1

1

17.09.

25.09.


Топтық жұмыс

5.

Гаметалар тазалық ережесі. Талдай будандастыру.

Есеп шығару



1




2

01.10

Жұптық жұмыс

6.

Дигибридті будандастыру заңдылықтары

1

1




08.10.

дәріс

7.

8.


Есептер шығару

2

1

1

15.10.

22.10.


дәріс

9.

Полигибридті будандастыру

Есептер шығару жолдары



1




1

29.10.

Топтық жұмыс

10.

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу кезінде белгілердің тұқым қуалауы. Гендердің комплементарлық әсері.

1

1




12.11.

Дәріс

11.

Гендердің полимериалық әдістері. АВО жүйесіндегі адам мен қан топтарының тұқым қуалауы.

1




1

19.11.

Дәріс

12.

Есеп шығару

1

1




26.11.

Топтық жұмыс

13.

Тіркесу және кроссинговер.

Есеп шығару



1

1




03.12.

Жеке жұмыс

14.

15.


Есеп шығару

2

1

1

10.12.

17.12.


Топтық жұмыс

16.

Генетикалық карта құру

1

1

1

24.12.

Жұптық жұмыс

17.

18.


Жыныс генетикасы, жыныспен тіркес тұқым қуалау

2

1

1

07.01.

14.01.


Ұжымдық жұмыс

19.

Адам генетикасы


1

1




21.01.

Сауалнама

20.

медициналық генетика

1

1




28.01.

Дәріс

21.

Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары

1

1




04.02.

дәріс

22.

Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары мен түрлері

1

1




11.02.

Дәріс

23.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік

1

1




18.02.

Дәріс

24.

Харди-Вайнберг заңы

1

1




25.02.

Дәріс

25.

Адам генетикасы. Туыстық неке. Адамда белгілердің тұқым қуалау типін көрсететін шежірелердің үлгісі

1

1




03.03.

Топтық жұмыс

26.

Селекция ғылымы мақсаты, міндеті

1




1

10.03.

Сайыс

27.

Полиплоидия және гетерозис құбылыстарына арналған есептер

1

1




17.03.

Дәріс

28.

Өсімдіктер селекциясындағы қазіргі жетістіктер

1

1




07.04.

Дәріс

29.

жануарлар селекциясы

1

1




14.04

Әңгіме

30.

микроорганизмдер селекциясы

1

1




21.04

Дәріс

31.

Ең жаңа сұрыптау әдістері.

Гендік инженерия



1

1




28.04

Әңгіме

32.

Биотехнология табыстары

1

1




05.05.

Сайыс

33.

34.


Қорытынды.

Сынақ сабақ



2




2

12.05.

19.05.


Ұжымдық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет