Генетика негіздері


Екінші - неоклассицизм кезеңі 1930-1953ж



бет3/11
Дата13.11.2023
өлшемі3,77 Mb.
#191186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекция 1 генетика

Екінші - неоклассицизм кезеңі 1930-1953ж.

  • Екінші - неоклассицизм кезеңі 1930-1953ж.
  • Бұл кезеңде экспериментальды мутагенез жан-жақты қолға алынып радиациялық, химиялық мутагендік факторларды пайдалану нәтижесінде гендегі және хромосомадағы өзгерістер зерттелді.
  • Геннің күрделі құрылысты екендігі және оның бөлшектене алатындығы дәлелденді.
  • Осы жылдары популяциялық генетиканың негізі қаланды. Биохимиялық генетика қалыптасып 1941 ж Г. Бидл және Э.Татум бір ген – бір фермент болжамын ұсынды.
  • Э. Чаргафф ДНҚ молекуласындағы пуриндік (А,Г) және пиримидіндік (Ц,Т) негіздердің саны бір біріне тең деген ереже тұжырымдады. ДНҚ молекуласы генетикалық информацияға жазылатын негізгі зат деп дәлелденді.

Үшінші - синтетикалық кезең. 1953 ж-дан қазірге дейін.

  • Үшінші - синтетикалық кезең. 1953 ж-дан қазірге дейін.
  • Бұл кезең ДНҚ құрылымының толық анықталып, оның генетикалық мәнінің ашылуымен сипатталатындықтан молекулалық биология кезеңі деп те аталады.
  • Чаргафф ережесі негізінде 1953 ж Дж.Уотсон және Ф.Крик ДНҚ молекуласының кеңістіктегі моделін құрастырды.
  • 1956 ж А.Леван және Дж.Тио адам хромосомасы саны 23 жұп, яғни 46 екенін дәлелдеді.
  • 1958 ж лабораториялық жағдайда ДНҚ- синтезі жүзеге асырылды.
  • 1961-1962 жж И.Ниренберг, Г.Маттей, С.Очоа және Ф.Крик генетикалық кодты ашып, 20 түрлі амин қышқылдарына сәйкес келетін триплеттерді көрсетті.

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы зерттеулер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен де белгілі. Сол кезеңнің өзінде тура және тура емес тұқым қуалау туралы ойлар болған. Тура тұқым қуалау теориясының жақтаушысы Грек ғалымы Гиппократтың тұжырымы бойынша репродуктивті материал дененің барлық бөліктерінен жиналып тұқым қуалауға ықпал етеді, сондықтан денедегі сау және ауру тұқым қуалау бастамалары бірдей ұрпақтарға беріледі деген болса, біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген Аристотель репродуктивті материал дененің әр бөлігінен жиналмай дененің бөліктерін құрауға арналған қоректік заттардан жасалады деген болатын.

  • Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы зерттеулер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен де белгілі. Сол кезеңнің өзінде тура және тура емес тұқым қуалау туралы ойлар болған. Тура тұқым қуалау теориясының жақтаушысы Грек ғалымы Гиппократтың тұжырымы бойынша репродуктивті материал дененің барлық бөліктерінен жиналып тұқым қуалауға ықпал етеді, сондықтан денедегі сау және ауру тұқым қуалау бастамалары бірдей ұрпақтарға беріледі деген болса, біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген Аристотель репродуктивті материал дененің әр бөлігінен жиналмай дененің бөліктерін құрауға арналған қоректік заттардан жасалады деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет