Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,1 Kb.
#83129
1   2   3
Байланысты:
Microsoft Word Document (54)

Геоэкологияның табиғатты қорғау функциясы.
Геоэкология табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау барысындағы практикалық мәселелерді шешуге маңызды қызмет атқарады. Табиғатты пайдалану дегеніміз – адамзат қоғамының табиғат ресурстарын тиімді пайдалануының жалпы принциптерін зерттейтін кешенді ғылыми пән болып табылады. Адамды, қоршаған ортаны қорғау барысында геоэкология келесі ғылыми мәселелерді шешуге қатысады:

  • табиғатты қорғау және тиімді пайдалану. Табиғатты пайдаланудың аймақтық заңдылықтарының теориялық негіздерін зерттеу;

  • қоршаған ортаға антропогенездің әсерлері және «қоғам табиғат» жүйесіндегі өзара әсерлесудің географиялық нысандарын оқып-зерттеу;

  • техногенездің әсерлеріне геожүйелердің экологиялық орнықтылығын оқып-зерттеу;

  • геожүйелердің табиғи ресурстық потенциалын тиімді пайдалану әдістерін зерттеу;

  • табиғи антропогендік геожүйелер шекарасында антропогенездің әсерінен қоршаған ортаның өзгерістерінің экологиялық модельдеу және болжау әдістері мен принциптерін оқып-зерттеу;

  • табиғатты қорғау іс-шараларының сондай-ақ геожүйелер шекарасындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартатын бағыттардың географиялық негіздерін зерттеу;

  • қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығын әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бақылау және зерттеу;

  • ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен нысандарды ұйымдастырудың ландшафттық экологиялық негіздері;

  • табиғи антропогендік геожүйелер шектеуіндегі халықтың өмірін қамтамасыз ету үшін экологиялық қауіп-қатерді бағалау;

  • табиғи антропогенді геожүйелерді қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздану процестерін зерттеу әдістерін жетілдіру және жасау;

  • табиғатты қорғауды басқару және қоршаған ортаны сауықтыру барысында ғылыми негіздерге шешімдер қабылдау мақсатында геожүйелердің экологиялық және табиғи ресурстық потенциалын зерттеу;

  • геоэкологиялық карталарды құрастыру және геоэкологиялық аудандастыру сұлбаларын жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет