Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,1 Kb.
#83129
1   2   3
Байланысты:
Microsoft Word Document (54)

2. Геоэкологияның методологиялық принциптері.
Бүгінгі ғылым табиғатты барлық құбылыстар мен пәндерді бір-бірімен тығыз байланысқан толық біртұтас жүйе түрінде қарастырады. Біртұтастық концепциясы, яғни табиғи ортаның бөлшектеуге келмейтіні геоэкологияның методологиялық негізін анықтайды. Геоэкологияда экологиялық мәселелерді шешуші негізгі қағидалар олардың өзара табиғи байланысқан құбылыстарынан құралатынын көрсетеді. Табиғаттың табиғи немесе антропогендік факторлар себебінен қандай да бір бөлігінің өзгерісі табиғи орта құрылымының әр түрлі бүлінулеріне әкеліп соғады. Яғни, табиғи ортаның қандай да бір компонентінің өзгерісі географиялық жүйенің басқа компоненттеріндегі өзгерістерге себепші болады.
Маңызды қағиданың бірі: қарама-қайшылыққа қарсы күрес және біртұтастық заңы. Бұл қағида табиғаттағы қарама-қайшылықты туғызатын элементтерді анықтау қажеттілігін меңзейді. Табиғи ортаның қозғалмалы (өзгермелі) элементтерін анықтау және оқып-зерттеу табиғи ортаның дамуы мен территорияның экологиялық жағдайларын дәл мерзімінде анықтауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Соның негізінде маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға ұсыныстар жасалынады.
Келесі қағида: сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өзара ауысу заңы. Бұл заң экожүйенің экологиялық жағдайындағы кез-келген өзгерістерді ескеруге ұсыныс жасайды. Қоршаған ортаның экологиялық аясында (фон) сандық өзгерістердің туындауы – табиғат кешені құрылымындағы табиғи-антропогендік жүйені түбегейлі өзгертіп жіберетін, анықталған сапалы өзгерістердің пайда болуын болжауға мүмкіндік жасайды. Геоэкологияның методологиялық негізін «терістеуді терістеу» заңы толықтырады. Жаңаны ескісіз қарастырудың мүмкін еместігін, табиғи орта элементінің консервативті (кертартпа) өмір сүретін бөлігінің жойылатынын айтады. Табиғатта болашақ пен өткен шақта дәлме дәл қайталанатын жағдайларды мүмкін емес деп көрсетеді. Табиғаттың өзгерісін туғызатын себеп-салдарлар да үнемі өзгертіп отырады. Осы аталған геоэкологияның метедологиялық принциптерін анықтайтын қағидалар ғаламдық, территориялық және нақты кешенді сипаттамалар бойынша географиялық зерттеулер барысында ашылады. Ерекше метедологиялық принцип ретінде табиғатты қорғаудың ландшафттық принципі және адамзаттың қоршаған ортаға әсерлерінің себеп-салдарларын алдын-ала болжау қарастырылады. Бұл принцип нақты табиғи-тарихи аймақтарға қолданылатын өзара әсерлесетін барлық табиғи компоненттерді кешенді ескеру қажеттілігін ұсынады. Атап айтқанда, физика-географиялық аймақтар, облыстар, провинциялар, ландшафттар және олардың категориялары. Белгілі бір ландшафт құрылымындағы кез-келген бүліну ландшафты сырттай (физиономиялық) және іштей (литогендік, гидроклиматогендік, биоталық) өзгерістерге ұшыратады.
Геожүйе құрамындағы экологиялық өзгерістер зиянды және пайдаланушы болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді ескеру және дер кезінде болжап отыру қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану процестерін басқаруға мүмкіндік жасайды. Геоэкологиядағы маңызды методологиялық мағынаны келесі фундаментальды заңдар мен заңдылықтар толықтырады:

  1. Ішкі динамикалық тепе-теңдік заңы табиғи ортаның кез-келген өзара тығыз байланысқан компоненттің өзгерісі оның қарсы тұру қабілетін оятады. Сондықтан кез-келген экологиялық өзгерістер эволюциялық көбінесе қайта қалпына келмейтін жағдайларды туғызады. Бұл заң «табиғаттың түрленуі» мүмкіндігін және табиғат қорларының түрленуден пайда болған кез-келген түрін қабылдауға тура келетінін ескертеді.

  2. Табиғат қорларының шектелгендігі (сарқылатындығы) туралы заң. Барлық табиғи қорлар және адамды қоршаған орта міндетті түрде сарқылады. Бұл заң табиғи қорларды экономдаудың және оларды пайдаланғанда қалдықсыз технологияларды қолданудың қажеттілігін айқындайды.

  3. Өмір сүрудің барлық түрлерінің маңызының бірдейлігі туралы заң. Адамның өмір тіршілігіне және қоғамға толық қажет табиғи орта жай күйінің биосферадағы қызметі бірдей екенін анықтайды. Адамның экологиялық өмір-тіршілік қауіпсіздігі қоршаған ортаның барлық компоненттерін қорғау арқылы қамтамасыз етіледі.

  4. Қалдықтардың жойылмайтыны немесе өндірістің зиянды әсерлері туралы заң. Өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтары жойылмайды. Олар бір физико-химиялық күйден екіншісіне түрленіп отырады. Өнеркәсіптік өндірісте қалдықсыз абсалюттік таза өндірістің болуы мүмкін емес. Сондықтан табиғатта өнеркәсіптік тұрмыстық қалдықтардан құтылу мүмкін емес.

  5. Б. Коммонердің «экологиялық заңдары» табиғатты пайдалану табиғаты мен практикасында адамзат басшылыққа алуға тиіс келесі ережелер бар:

  • барлығы бір-бірімен байланысқан;

  • барлығы бір жаққа жоғалуы тиіс;

  • табиғат бәрін «біледі»;

  • ешнәрсе жайдан-жәй берілмейді.

Яғни адамзаттың табиғатпен өзара қарым-қатынасы табиғи ортаның барлық компоненттерімен өзара тығыз байланыста болатынын ескерту қажет; өнеркәсіптік өндірісте қалдықтарсыз өндірістің болуы екіталай.
Табиғаттың «түрленуіне» аса сақтықпен қарау қажет. Табиғат процесіне кез-келген әсер міндетті түрде өзгеріс туғызады :

  1. Табиғат қорларын пайдалану шеңберінің өсуі заңы (заңдылығы ). Тарихи процесте әлемдік шаруашылықтың дамуы табиғи қорлар (екінші, үшінші ретті және т.б.) айналысының үздіксіз өсуі негізінде олардың қоғамдық өндіріске тартылу көлемін салыстырмалы түрде азайтуды қажет етеді .

  2. Табиғатты пайдаланудың энергетикалық тиімділігінің төмендеуі туралы заңдылық. Тарихи даму процесінде табиғи жүйеден пайдалы өнімді алу үшін энергия шығыны үздіксіз өсіп келеді. Бұл адамзатқа қауіп төндіретін энергетикалық дағдарысты жоюға бағытталған табиғатты пайдаланудың негізі болып табылады.

  3. Табиғат қорларын алмастыру ережесі. Табиғи қорлардың кейбір түрлерінің сарқылуы немесе тапшылығының туындауы осы қорларды осы тарихи кезең үшін анағұрлым экономикалық рентабельді басқа заттармен алмастыруға көшудің тиімділігін көрсетеді.

  4. Табиғаттағы тізбектелген «қатаң» техногендік басқару ережесі. Табиғи процестерді техникалық әдістермен басқару тізбектелген экологиялық жағымсыз реакцияларды туғызады. Табиғи процестердің жүруіне техногендік әсер ету экологиялық апаттар туғызуы мүмкін. Сондықтан кез келген экологиялық жағдайларды мұқият болжау қажет.

  5. Гео- және экожүйелер туралы ақпараттың толық еместігі туралы принцип. Қорлардың түрлері және қоршаған ортаның экологиялық күйі туралы білім үнемі толықтырулар мен түзетулерді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет