Урбисенова Алия Кабдырахиевнаның (Lesson study) зерттеу сабақтары бойынша талдауы.
(география, 9 «б» сынып)
LS зерттеу тақырыбы: Оқу сапасын арттыру үшін топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету және оқу үдерісін зерделеудегі дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты: Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Фокус топ: Шамбилова Ж. У.
Сисенова Ш. С.
Сенгалиева Н. М.
Кадырова М. М.
Лукпанова Қ. І
Батыргалиева Б. К.
Кенжеалиева Л. Т.
Урбисенова А. К.
Коуч: Урбисенова Алия Кабдырахиевна
Ментор: Кенжалиева Лолита Талаповна
Жоспарланған сабақтар:
№
|
LS зерттеу тақырыбы
|
Сыныбы
|
Уақыты
|
Өтетін орны
|
Ашық сабақтардың тақырыбы
|
Жауапты ментор
|
1
|
Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту
|
9 «Б»
|
06.10
14.35
ІІ ауысым
|
№117
|
Ел халқының жастық жыныстық құрамы және денсаулығы
|
Кенжеалиева Л.Т.
|
08.10
10.55
І ауысым
|
№117
|
Еңбек ресурстары, әлеуметтік және мамандық құрамы
|
Кенжеалиева Л.Т.
|
15.10
10.55
І ауысым
|
№117
|
Халықтың ұлттық және діни құрамы
|
Кенжеалиева Л.Т.
|
Бақылауға алынған оқушылар: А деңгей – Борашев Рахат.
В деңгей - Айтмағамбетова Карина
С деңгей - Калиева Мадина
2014-2015 оқу жылының соңындағы жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша мәселелері бар деп 8 «б», 9 «в», 10 «б» сыныптар таңдалып, зерттеуге алынуға ұйғарылған болатын. Осы оқу жылының басында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің отырысында, фокус топтар құрылып, осы сыныптарда Lesson study өткізу жоспарланды. Жоспар бойынша үш фокус топқа коуч пен ментор таңдалып алынды. Жаратылыстану пәндері бойынша 9 «б» сыныбында география пәні таңдалып, осы пәннің жоғары санатты мұғалімі Кенжеалиева Лолита Талаповна ментор, ал химия пәнінің мұғалімі Урбисенова Алия Кабдырахиевна коуч болып бекітілді. Осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері фокус топтың құрамында болды. Тақырыптық жоспарға сәйкес қыркүйектің соңғы екі аптасы мен қазанның бірінші аптасындағы сабақ тақырыптары жоспарланды. Алдымен фокус топ мүшелері жиналып, таңдалып алынған үш деңгейдегі оқушыларға арнап күтілетін нәтижені анықтап алдық.
«С» деңгейдегі оқушыдан күтілетін нәтиже:
кіріспе кезеңдегі сұрақтарға толық жауап береді, белсенді қатысады.
мәтінді өз бетімен оқып түсінеді, негізгі тапсырманы және қосымша тапсырманы орындайды.
тақырып бойынша мысал келтіреді, мысалын нақты дәлелдермен түсіндіре алады.
топ басшыcы бола алады, жетекші рөлде бола алады.
өз бетімен жұмыстанып, кестелерді құрастырып, суреттерді түсіндіре алады, басқалардың қатесін түзетеді.
өз түсінгенін басқаларға түсіндіріп бере алады.
қорытынды кезеңде сұрақтарға толық жауап береді, өз ойын еркін жеткізе алады.
«В» деңгейдегі оқушыдан күтілетін нәтиже:
кіріспе кезеңде 3 -4 сұраққа жауап береді, белсенді қатысады.
мәтінді өз бетімен оқып тапсырманы орындайды, мысал келтіреді.
топта өз түсінгенін басқаларға баяндап бере алады.
тақырып бойынша мысал келтіргенмен, нақты дәлелдермен түсіндіруде қиналады.
өз бетімен кестелерді құрастырады, бірақ толық түсіндіріп беруде қиналады.
қорытынды кезеңде сұрақтарға жауап береді, белсенді қатысады, өз ойын білдіреді, кейбір мәліметтерде қателесуі мүмкін.
«А» деңгейдегі оқушыдан күтілетін нәтиже:
кіріспе кезеңде 1-2 сұраққа жауап береді.
үй тапсырмасы кезінде белсенділік танытады.
мәтінді оқиды, тапсырманы орындауда көшбасшы көмегіне жүгінеді.
талдауда көбіне тыңдайды, кей жағдайда пікір білдіреді.
тақырып бойынша кейбір қарапайым мәліметтерді түсіне алады.
қорытынды кезеңде тек өз тобы талдаған мәліметтерді ғана айта алады.
көп жағдайда тек тыңдаушы ретінде отырады.
Бұл күтілетін нәтиже әр сабаққа байланысты әр деңгей оқушылары үшін толықтырылып, сол сабақ бойынша білу керек негізгі мәселелер енгізіліп отырды. Әр сабақта сабаққа қатысқан мұғалімдерге бақылау парағы берілді. Оқушыларды бақылау парағынан басқа, сабақтың тиімді жоспарланғанын анықтауға арналған хронологиялық кесте, сабақты картаға түсіру парағы да берілді.
1-кесте. Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау парағы.
Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері. Сабақ соңында қандай нәтиже күтенініңізді сипаттаңыз.
|
Бақылаудағы «С», «В», «А» деңгейдегі оқушылар:
Осы оқушыларға арналған табыс критерийлері.
|
Тізбектелген сабақтар топтамасының кезеңі.
|
«С», «В», «А» деңгейдегі оқушы(лар) қалай жауап береді деп күтесіз?
(Осы бағанда әр деңгейдегі оқушылардан күтілетін нәтиже жазылады, сабақтың тақырыбына байланысты негізгі күтілетін нәтижеге толықтырулар енгізілді.)
|
Жауап беру кезінде олар қалай бақыланды?
(бұл бағанда әр мұғалім өзі бақылап отырған оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі әрекетін жазып отырады.)
|
Кіріспе кезең. (шамамен жұмсалатын уақыт)
|
|
|
Негізгі бөлім. (шамамен жұмсалатын уақыт)
|
|
|
Қорытынды кезең. (шамамен жұмсалатын уақыт)
|
|
|
Оқушылар нені істей алды? Олар қандай нәтижелерге жетті, оның қандай дәлелдері бар?
|
|
|
Алғашқы ойлар....
|
|
|
2-кесте. Хронологиялық әдіс.
Уақыт
|
10 мин.
|
10-20 мин.
|
20-30 мин.
|
30-45 мин.
|
Мұғалімнің іс-әрекеті.
|
|
|
|
|
Оқушының іс- әрекеті.
|
|
|
|
|
Сабақ соңындағы талдауға берілген кесте:
«Екі жұлдыз» (мұғалім үшін.)
|
«Екі жұлдыз» (оқушы үшін)
|
|
|
«Ұсыныс» (мұғалім үшін.)
|
«Ұсыныс» (оқушы үшін)
|
|
|
9 «б» сыныбында бірінші LS сабағын жоспарлағанда фокус топтың мүшелері жиналып, пән мұғалімінің сабақ жоспарын қарап, талқылап, қажет деп тапқан кезеңдеріндегі әдіс тәсілдерге өзгерістер енгізді. Сабақтың тақырыбы: «Халықтың жастық құрамы мен жыныстық құрамы.» Осы сабақта оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділігін қалыптастыру үшін «Ақ тілек» тренингімен бастады. Оқушылар әр топ мүшелеріне өз тілектерін арнады. Мұғалім топ басшыларына бағалау парақтарын берді, онда сабақтардың кезеңдері бойынша оқушыларды бағалау көрсетілген.Үй тапсырмасын тексеру барысында тест тапсырмасын орындады. Тесттің жауаптары тақтада көрсетілді, әр оқушы өзінің жұмысын тексеріп, топ басшысына дұрыс жауаптарының санын айтты. Топ басшысы алдын - ала берілген бағалау шкаласы бойынша бағалап, бағалау парағындағы «үй тапсырмасы» кезеңіне әр оқушының бағасын қойды. Жаңа сабақ бойынша әр топқа тапсырмалар беріліп, оқушылар топта оқып, талқылап, постер құрып, қорғады. Оқушылар топпен жұмыстануға дағдыланған, бір- бірінің пікірін тыңдай біледі. Жаңа сабақты бекіту кезінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптары қате болған жағдайда өздері түзетті. Кері байланыс кезінде «бес саусақ» әдісі қолданылды, оқушылардың сабақ бойынша қандай көңіл- күйде болғандарын жазды. Сабақтың соңында бағалау парақтарын талдап, бағалауға уақыт жетпей қалды. Сабақ соңындағы талдау барысында мына кесте берілді мұғалімдерге, оған өздерінің «екі жұлдыздары мен ұсыныстарын» жазып, стикерлер арқылы жапсырды. Осы ұсыныстарды ескере отырып, фокус топ мүшелері екінші сабақты жоспарлады. Бұл сабақ бойынша да оқушылар төрт топқа бөлінді. Кіріспе кезеңінде әр топқа әріп жазылған қағаздар үлестіріліп, сол әріптен басталатын сөздерді пайдаланып, топтар бір-біріне тілектер айтты. Үй тапсырмасын тексеру барысында өткен материал бойынша тест жұмысы берілді, тест жауаптары тақтада көрсетіліп, оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, тексеріп, шкала бойынша бағалады. Әр топ басшысына бағалау парағы үлестірілді, бүгінгі сабақ бойынша критерийлерді оқушылармен бірге құрып, тақтада постерде ілініп тұрды. Сол критерийлер бойынша топ басшысы бағалау парағына бағаларын қойып отырды. Жаңа сабақ бойынша «мозайка» әдісі қолданылды. Ол үшін әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар берілді, оқушылар өз топтарында оқып, содан соң өз номерлері бойынша басқа топтарға барып, өз оқығандарын түсіндірді. Бұл әдіс тиімді болды, оқушылар белсенділік танытты. Барлық топтар тақырыпты талдап, түсініп болғаннан кейін, бекіту кезеңінде тақтада кестелер мен суреттер, карта берілді. Оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, кестелер мен суреттерді сөйлете алды. Сонымен қатар алдын ала –берілген тапсырмаға дайындалып келген оқушы өз дәлелдемелерімен нақты мәлімет бере алды. Сабақ соңында оқушылардың бағалаулары нақты болмады, критерийлерді түсңне алмағандақтан болар, бағалары көтеріңкі болды. Сабақ соңындағы талдау барысында сабақтың барлық бөліктері сәтті болғанын, бірақ бағалауды тағы да нақтылау керек деген ұсыныс айтылды. Енді осы ұсыныстарды ескере отырып, келесі сабақты жоспарлағанда осы бағалау бөліміне баса назар аударылды. Соңғы сабақта жаңа сабақ бөлімі бойынша оқушылар топта тапсырманы оқып, талдап, топтан бір оқушы тақтаға шығып, кестелер мен суреттер бойынша басқа топ мүшелеріне түсіндіріп берді. Оқушылар топта жұмыстануға дағдыланған, өз ойларын ашық, нақты мысалдар арқылы жеткізіп бере алды. Ал, жаңа сабақты пысықтау кезінде «банка» әдісі бойынша берілген сөздерден бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді тауып, банкаға салу керек болатын, бұл тапсырманы оқушылар шапшаң, әрі тез орындады, соған қарағанда жаңа сабақ бойынша берілген материалды түсінген деп тұжырымдауға болады. Өткен сабақта айтылған ұсыныс бойынша бағалауға үлгеру үшін, тапсырмаларды азайтып, бағалау бөліміне уақытты үнемдедік және бағалау парағына критерийлерге дескрипторлар құрастырылды, нәтижесінде оқушылардың бағалаулары нақты, әрі әділ болды. Мұны сабақ соңында талдаған кезде мұғалімдер де ерекше атап өтті. Сонымен, жоспарланған сабақтар өтті. Қандай нәтижеге жеттік, неге қол жеткіздік? Баста таңдалып алынған үш оқушының жеткен жетістіктеріне қарап, сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді болған деген қорытынды жасауға болады. «С» деңгейдегі Қалиева Мадина деген оқушы өзінің деңгейін нақтылады, берілген қосымша тапсырмаларды өз бетінше орындап, оны сыныптастарына түсіндіріп бере алды. Топ мүшелеріне де көмектесіп, олар қиналған тапсырмаларды орындауда көшбасшылық таныта білді. Ал, «В» деңгейдегі Айтмағамбетова Карина да өзінің қабілетін көрсете алды, оқушы орыс тілді, сол себептен ойын еркін жеткізуде қиналды, бірақ топта жұмыс жасағанда идеялар ұсынып, басқаларға өз білгенін айтып, қажет болған жағдайда басқа топ мүшелеріне көмек көрсете білді. Бұл оқушы болашақта «С» деңгейге жете алады, Негізінен оқушы біліп отырса да көшбасшылық танытып, өздігінен жауап беруге тырыспайды, тек мұғалім сұрағанда ғана нақты, дәлелді мысалдар келтіре отырып жауап береді. «А» деңгейдегі Намазов Артур деген оқушы алғашқы сабақтарда тек топ мүшелерінің айтқанын тыңдап, оқулықтағы мәліметтерді тапқанымен оны топ мүшелерімен бөлісе алмады, өз ойын білдіре алмады. Одан кейінгі сабақта сұрақтарға жауап беріп, өзі оқушыларға сұрақ қойып, бекіту кезінде берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытса, соңғы сабақта, «ыстық орындыққа» отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге қысылған жоқ. Оқушының бұрыннан ашылмаған қыры ашылып, сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап беруге белсенділік танытқаны оқушыда пәнге деген қызығушылығы оянып, өзіне деген сенімі қалыптасқандығын байқатады. Қорыта келгенде, әр деңгейдегі оқушылардан күтілетін нәтижелерге қол жеткізіп, болашақта әсіресе «В» және «А» деңгейдегі оқушылардан күтілетін нәтиже бұдан да жоғары болады және одан әрі жұмыс жүйелі жалғасын табады деп ойлаймыз. Демек, мұғалім бағыттаушы болып, ал оқушылар өз бетімен жұмыстанып, өзі білім алғанда сенімділік қалыптасады, қызығушылығы артады, белсенділік танытады, жауапкершілігі артады және жақсы нәтижеге жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |