Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Картографиялық проекцияның жалпы керегі, және проекцияларды ажырату
«Картография пәні бойынша» пәні бойынша
№1 СӨЖ
Орындаған:Тулеуова А.А
Тексерген: Асен Н.Қ.
Алматы, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.................................................................................................…........…...3
1. КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯ ТЕОРИЯСЫ......................................…..4
1.1. Картографиялық проекция түрлері ..................................….....…....5
1.2. Картографиялық проекцияның маңызы...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................12
КІРІСПЕ
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын,олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т.б картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым.Кометалық ұғымдарға-аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары,глобустар мен жер бедері карталары,картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады.Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса,кейбіреулері жақында ғана пайда болып,қалыптасу сатысынан өтуде.
Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану болып қарасытырылады.Математикалық картография картаның матемпткалық негіздерін зерттейді.Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді,картографиялық тор құру әдістерін жасайды,олардағы бұрмалануды талдайды.Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді.Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін,картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын,картаны көркемдеу,түрлі түсті безендірумен айналысады.
Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән.Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді.Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын,көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Яғни бүгінгі тақырып картография саласының бір бөлігі – картографиялық проекция.Оның жалпы теориясы,түрлері және қазіргі күндегі маңызымен танысатын боламыз.
Картографиялық проекцияның мəні жер эллипсойдының бетіндегі нүктелердің координаты мен олардың жазықтықта кескінделуінің арасындағы байланыстың болуы картаны құруды эллипсойд бетімен сəйкес келетін жазықтық координаттар сызығынның жүйесін жасаудан бастауға міндеттейді.
КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯ ТҮСІНІГІ
Достарыңызбен бөлісу: |