Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Ұлы географиялық ашулар кезеңіндегі
географиялық карталар мен картография ғылымының дамуы.
СӨЖ №2
Орындаған: Ермекбай А.М. (2к.)
Тексерген: Асен Н.Қ.
Алматы, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР БАСТАМАСЫ...................4
1.1. Ұлы географиялық ашылымдардың себептері
1.2. Христофор Колумбтың экспедициялары, Американы ашуы
1.3. Америго Веспучидің ашулары
1.4. Васко да Гамманың географиялық еңбектері
1.5. Фернандо Магелан саяхаты
2. Еуропа елдерінің жаңа ашылған жерлерге әсері .....10
2.1 Батыс Европа елдерінің отарлаушылық саясаты ............................10
2.2 Европадағы ұлы географиялық ашылымдардың нәтижелері...............11
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................14
КІРІСПЕ
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.
XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдық құрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.
Ұлы географиялық ашулар кезеңіне қарағанда XVII ғасырда жер шарының географиялық зерттелуі мүлде өзгеше еді. Ұлы географиялық ашулар кезінде мұхиттар мен теңіздер , материктер мен көптеген аралдар ашылды. Бірақ олар әлі түбегейлі зерттелмеген еді. Сондықтан , XVII ғасырдың негізгі географиялық зерттеулері бұрынғы ашылған құрлықты , теңіздерді толық білуге бейімделді. Сонымен қатар бұл ғасырдың өзінде де географиялық зерттеулердің ғылыми тәсілдері әлі де анықталмағанеді. Тек қана XVIII ғасырда анықталып іске аса бастады. Саяхатшылар мен ғалымдардың географиялық зерттеулер кезіндегі жазулары , күнделіктері кейінгі ғасырларға едәуір әсер етті.
1. ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР БАСТАМАСЫ
1.1. Ұлы географиялық ашылымдардың себептері
Ұлы географиялық ашылымдар – феодалдық қоғамның өндіргіш күштерінің дамыуының феодалдық өндірістік қатынастар системасын ірітіп – шірітуші товар–ақша қатынастарының үнемі өсуінің, европалық елдердің Шығыс елдерімен сауда-саттық қарым-қатынастарынының ұлғаюының нәтижесі болып табылады.
Товар - ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандырудың бірден - бір құралына және байлықтың ең басты түріне айнала бастады.
Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін товарларға кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металдың жетіспеушілігі күн санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша , Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Европалықтар дүниеде ең бай ел Африка деп санады, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы күпецтер Сенегал мен Нигерияның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда , Сенегал мен Малидің , Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында XVII - ғасырдан XV - ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер : ғана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбуктың – Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда - саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып көлемде болды.
Қытай, Индия, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып, көбінесе «Индиялар»деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да, Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Индияға оншалықты қатысы болмады. Осындай алып қашты жорамалдар XV- XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылымдарға әжептеуір себепші болды. Өйткені бұл лақаптар теңіз жихангездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды.
Африканың алтынын іздеп табуға XV - ғасырда португальдық теңізшілер аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің қайырларынан атап айтқанда , солардың Боходор мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып, өндірілуге тиісті болды. Сондықтан Алтынды Өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай отырып жетуге толық мүмкін сияқты болып көрінді.
XIV- XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы дамыды. Бұған португальдықтардың , арабтың бай және епті купецтерімен XII - ғасырда-ақ басталған қарым - қатынастары көмектесті. Португальдықтар арабтардың математикасымен, географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді – итальяндық Жерорта теңіздік кемелерге қарағанда , желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең алдыменГенуядан қоныс аударған көптеген купецтермен теңізшілер белсенеқатысты. Сауда - саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты басқа жақтан іздеуге мәжбүр етті. Колумбпен Каботтоның Генуядан шыққандықтарын, айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай- ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді іздестіріп , басып алға түрткі салған себептер ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл елдердегі реконистік жаугершіліктің заманы бітті. Тегін олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Ал Африканы алар болсақ , осынау бай әрі беймағлұм өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік - батыс жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне , ал кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда - саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда, Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері мен басқа елдерден келген эмигрант - купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын шерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королінің інісі, XIX - ғасырдың тарихшылары «Теңіз саяхатшысы» деп атап кеткен, принц Генрих, үлкен қамқоршылық жасады.(2-18б)
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы сауда жергілікті халықты талан таражға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне , осылар португалдықтардың әуел бастан - ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ. Мұндай мақсатты олар тек 1460 жылдар шамасында , яғни Гвинея шығанағына кіріп , Африкандық жағалау шығысқа қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай , Оңтүстік Африканың батыс жағалауымен ілгері жылжи беруге , арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы Козерог тропигіне жетті де , жағалаудан қашықтап , тура оңтүстікке қарай ашық теңізге шығып кетті , сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен бір - ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік – шығыс бағдары бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққандығына көзі жеткеннен соң , Диас қайтар жолында Добрая надежда мүйісін айналып өтті және бұл мүйіске өзі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп , ол 1487 жылы декабрьде , 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға шейін жүзіп , осылайша Индияға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
1.2. Христофор Колумбтың экспедициялары, Американы ашуы
XV ғасырда португалдық теңізшілер алтын іздеп Африкаға аттанды. Олар Африканың солтүстік жағалауындағы маңызды сауда жолын басып алды. Бұл жолмен алтын тасылатын еді. Бұл Португалияның отарлық экспедициясының бастамасы болатын. Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс жағалауына дейін жетті.
XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар тәрізді деген болжамдары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептеді. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Колумб Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында дүниеге келген.
Жас кезінде Колумб Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Лиссабонға келеді.
Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті. Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болса Батысты бетке алып жүзе берсе, қайткен күнде де Үндістаннан барып шығатынын жорамалдады. Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың ісі» саналатын. Әлі ешкім сырын білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған қиындықтардан кейін, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің назарын аударды.
Христофор Колумбтың теңіз саяхаты Колумбтың соңғы экпедициясы
Сонымен, Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы Испания жағалауындағы Палос қаласынан сапарға шығады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бірқалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркін сырғи жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін балдыр басқан Сорогос теңізі болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. Күн артынан күн жылжып өтіп жатады. Көкжиекке ұласқан көк теңізден басқа көзге ілінер ештеме көрінбейді. Теңізшілердің ішінде торығу байқалды. Дегенмен олар Колумбтың есебі бойынша осы кезде Үндістанға жетуге тиіс екендерінен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрінетін жер жоқ еді. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, тұнжыраған теңізшілердің көңілін көтеріп, оларға алтын мен дәмді тағам бергізеді. Ақыры одан да ештеңе шықпай, теңізшілер мұны тыңдауын қойып, «егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді.
Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!» деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейін бұлар Кариб теңізіндегі жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өтті. Теңізшілер бұл өңірден алғаш рет жүгері, картоп, темекі сияқты Еуропада жоқ өсімдіктерді кездестірді. Бұларды қай жерде болсын тобылғы өңді, сұлу келген бойшаң адамдар қарсы алды. Дегені қабыл болып тұрған, өзін Үндістандамын деп ұйғарған Колумбтың айтуынша, бұларды саяхатшылар үндістер деп атап кетті. Колумб ешкім білмейтін жаңа құрлық емес, Үндістанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды.
Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында — өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойланатын болды. Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге 1499 жылы Америго Веспуччи де аттанды.
1.3. Америго Веспучидің ашулары
Америго Веспуччи 1454 жылы Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері, кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 – 98 жылы Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 жылы Испанияда, 1501 – 04 жылы [Португалия|Португалияда] теңізші болды, 1499 – 1504 жылы Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік Америка үшін алғашқы рет 1538 жылы Меркатордың картасында қолданылды. Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам дегендерге король 1497 жылдан бастап рұқстат берді. Бұл байлығы мол жерлерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш эквпедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де көруге аттанды.
Америго Веспучии 1501 жылы Португалия королының кемесімен «Жаңа жерге» екінші рет барады. Веспуччи Пинсон, одан кейін Кабрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшінші рет «Жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол енді Бразилия жағалауымен Үндістанға өтпек болады да 20 градус оңтүстік ендікке дейін жүзіп барып, Колумб ашқан, одан кейін көптеген Испания саяхатшылары зерттеген «Жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тізбегі емес, осы күнге дейін белгісіз материк», — деген дұрыс қорытындыға келеді. 1507 жылы космограф Мартин жер жүзін Еуропа , Азия, Африка материктеріне бөліп, жаңадан Америго ашқан жерді оның басқа материктерімен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейді. Ол кезде Американы «тоты құстар» жері деп атайтын. Сөйтіп, жаңа құрлықтың аты Америго Веспуччи атымен аталып кетті. Бұл жерді Колумб ащқанымен, ол өмірінің соңына дейін оны білмеді, сондықтан материк Америго атымен аталды.
Бальбаро ну Васко Нуньес корольдан қашып «Жаңа жерді» зерттеуге аттанған экспедициямен келіп, Панама мойнағына жақын жердегі бір отарды билеп тұрады. Үндістердің одан әрі қарай су бар дегеніне сеніп, Испандардың көмегімен Панама мойнағына өтті. Көптеген таулардан өтіп, 1513 жылы 25 қыркүйекте тұңғыш рет Тынық мұхитын ашты.
Осыдан кейін Американы жаңа материк деп мойындады. Енді отаршылдар Америка байлығын именденуге жанталасып, халқын қырғынға ұшыратып, жартысын құлдыққа апарып сатты. Бұдан кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа да жерлерін өздеріне қаратып, Бейбіт халықтарын тонап, мәдениетін, салт-сана, әдет–ғұрпын аяққа басты. Колумб пен Васконың саяхаты географиялық болса, ендігі еуропалықтардың саяхаты басқыншылыққа негізделді.
Америго Веспуччидің айтуынша, ол жаңа әлемге төрт рет жүзген. Алайда, екінші және үшінші жүзу ең сенімді және маңызды болды. Картада олардың маршруттары көрсетілген
1.4. Васко да Гамманың географиялық еңбектері
Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда 1469 жылы туған. 1492 жылы Васко да Гама корольдің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады.
Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, қарашада Африка жағалауына жетті. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады. Бұдан әрі Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып өтіп, белгісіз теңізбен жүзе береді. 1498 жылы қаңтарда эскадра Замбези өзені сағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. 1498 жылғы мамырда оның кемелері Үндістанға келіп жетті.
Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, король оны Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін беріп аттандырды. 1502 жылы ақпанда Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетеді. Каликут раджасы мұндай жауға қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім береді. Васко да Гама төрт сағат ішінде қала маған бағынсын деп раджаға елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені бейбіт жатқан елге сауда жасау үшін келген еуропалықтар соғыс ашады деп ойламаған-ды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл кемелерді басып алып, қалаға зеңбіректен оқ жаудырады. Ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке ұшырып, қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, елді қанға бояу отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын аралдардан португал басқыншыларын қуып шығады.
Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың осы екінші экспедициясымен аяқталды. Енді олар біржола отарлау саясатына көшті. 1519-1522 жылдары Азияға батыс жолмен жету мақсатымен Испания ірі теңіз саяхатын ұйымдастырды. Экспедицияны ержүрек, тәжірибелі теңізші Фернан Магеллан басқарды. Бес кемеден құралған экспедиция Оңтүстік Америка жағалауына жетіп, материк пен Отты жер аралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтеді. Одан әрі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Филиппин аралдарына жетеді. Осында жергілікті тұрғындармен қақтығыс кезінде Магеллан қаза табады. Оның серіктері Тынық мұхитпен жүзіп, Оңтүстік Африканы айналып, Испанияға жалғыз ғана кемемен қайтып оралады. Дүниежүзін айналып өткен тұңғыш саяхат Жердің шар тәрізді екенін, мұхиттың біртұтастығын және жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді.
1.5. Фернандо Магелан саяхаты
Магеллан Фернан(1480 — 1521) — Португалияның теңіз саяхатшысы. 1519 — 21 ж. Молукк аралдарына апаратын батыс жолдарын іздеуге шыққан экспедицияны басқарды. Африканың батысымен жүзіп, Атлант мұхиты арқылы Оңтүстік Американың шығыс жағалауына жетті. Құрлықтың оңтүстігін зерттеп, 1520 ж. құрлық пен Отты Жер топаралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтті. Тынық мұхит арқылы батысқа қарай жүзіп, Азиядағы Филиппин аралдарына жетті. М. 1521 ж. Мактан аралында жергілікті тайпалармен қақтығыс кезінде қаза тапты. Қалған экспед. мүшелері “Виктория” кемесімен Үнді мұхит арқылы Африканың оңтүстігін айналып, Испанияға оралды. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді.
Жер шарын айналып шығу үшін Фернандо Магеллан басқарған бес желкенді кеме 1519 жылы 20 қыркүйекте Испания жағасынан батысқа аттанды. Бұлар ең алдымен Канар аралдарына келді. Одан әрі Оңтүстік Американы жағалай жүзіп, тұңғыш рет құрлықтың өңтустігін айнала Ұлы мұхит айдынына шықты. Атлант мұхиты мен Ұлы мұхит арасын байланыстырып тұрған осы бұғаз кейін «Магеллан бұғазы» аталып кетті. Өйткені Магелланға Тынық мұхитының толқыны Атлант мұхитына қарағанда бәсең болды. Бірақ оның тұнықтығы шамалы еді.
Магелан Тынық мұхит арқылы Оңтүстік Американың батысын жағалай жүзіп барып, тіке шығысқа қарай бұрылды да, содан әрі үздіксіз үш ай бойы жүзеді, жолында бірде бір арал кездеспейді. Ақырында аштық қасіретіне ұшырайды, кемедегілер өмірден күдерін үзе бастағанда, 1521 жылы 9 наурызда алдынан аралдар көрінеді. Аралда адамдар тұрады екен, оның біреуінен азық, су алып сапарын жалғастырады. Кешікпей Магеллан кемелері Испанияға қарайтын Филипин аралына келіп тоқтайды, бірақ өздерінің жер шарын кемемен айналып жүзіп келе жатқанын жасырады. Сөйтіп, архипелаг аралдарын зерттеп жүргенде, Мактан аралындағы тұрғын үнділерді христиан дініне лажсыз кіруді көндіреді. Мұның соңы арал тұрғындарымен қан төгіске ұласады. Арал жауынгерлері шетінен мерген, айлакер, атқан тасын дәл тигізе алатындықтан, Магеллан адамдары әлсіреп шегінуіне тура келеді. Сонымен, жер шарын айнала жүзген әйгілі теңізші Магеллан 41 жасында 1521 жылы 27 сәуірде қайтыс болады. Бұдан кейін кемелерді қалғандары басқарып, Борнео аралына келіп азық-түлік, алтын, күміс тиеп алып, тағы бір аралға келіп тоқтап онда кемелерін жөндейді. Испандар Үнді мұхиты арқылы Африканың оңтүстігіндегі «Добрая надежда» мүйісінен өтіп, аман–есен Атлант мұхитына шығады. Олар су кіре бастаған кемені тастап, жалғыз «Виктория» кемесімен 9 шілдеде «Жасыл мүйіс» аралына зорға жетеді. 1522 жылы 6 қыркйекте «Виктория» кемесінің капитаны, Магелланның ізін жалғастырушы Даль Кано жер шарын айналып келіп, Испанияға жетеді. Барромеда портына , 265 адаммен кеткен 5 кеме , 17 адамы ғана бар бір ғана «Виктория» кемесімен келеді. Испания королі оны үлкен құрметпен қарсы алады. Жер шары тәрізді герб береді, оның сыртында «Мені тұңғыш айналып шықтың» деп жазылады.
2. ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА АШЫЛҒАН ЖЕРЛЕРГЕ ӘСЕРІ
2.1 Батыс Европа елдерінің отарлаушылық саясаты
XVI – ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырда географиялық ашылымдар ашуда ағылшындар мен голландықтар барған сайын үлкен рөл атқара бастады.Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен “құрлықтағы жиханкездері” де жасады. Ең маңызды жаңалық Австралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты “теңестіріп тұру” үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті 16 ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.
Осы “Австралиялық” яғни “Оңтүстік” жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты – олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды.”Оңтүстік ” жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да . Нағыз Австралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ащты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Австралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны “Полярлық жердің ” бір бөлігі деп санады. 1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Австралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.
Тек XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана испандықтар Калифорния бойымен солтүстікке қарай өтіп, 58 параллельге жетті. Бірақ бұл жерге орыстар олардан бұрын жеткен еді. Ағылшындар мен голландықтардың Американы солтүстіктен (“Солтүстік-батыс өткел”) немесе Азияны (“Солтүстік-шығыс өткел”) айналып шығып Зонд жәнеМолукка аралдарына жету талаптары нәтижесіз болып шықты. Олар бұл жолдарды португальдықтар пайдаланбағандықтан аса қысқалау және қолайлы деп санады.Батыс жаққа қарай жылжи отырып, ағылшынның XVI ғасырдағы теңізшілері Фробишер мен Дэвис, ал XVII ғасырдың бас кезінде Бэфин мен Гудсон қазірде салардың есімідерімен аталатын аралдар мен бұғаздарға және шығанақтарға жетіп, америкалық Арктиканың шығыс бөлігіне кірді- солтүстік- шығыс өткелді іздеген ағылшындар (Ченслен) 1553 жылы Жаңа Жерге жетті. Бірақ осы аудандардың бәрі де орыстың теңіз саяхатшыларына әлдеқашаннан-ақ белгілі болатын-ды және ағылшын мен голланд теңізшілері олардан талай рет көмек те алған еді. Европа мен Азияның Мұзды мұхитпен қоршалып тұрған жағалауларын ашып, зерттеуге орыс теңізшілері көп еңбек сіңірді.
2.2 Европадағы ұлы географиялық ашылымдардың нәтижелері
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы көрінісі едәуір кеңейді. Еуропалықтар әлемнің екі бөлігін, Америка мен Австралияны, сондай-ақ Тынық мұхитын ашты. Бірінші дүние жүзілік саяхаттың нәтижесінде Жер шарының пішіні бар екендігі тәжірибеде дәлелденді, барлық құрлықтар бірыңғай әлемдік мұхитпен жуылатыны анықталды, оның көптеген ағымдары ашылды. Антикалық ғалымдардың пікіріне қарамастан, жер бетіндегі су құрлықтан әлдеқайда көп. Сонымен қатар Американың, Африканың және Австралияның көптеген ішкі аймақтары, әлемдік мұхиттың тереңдігі де зерттелмеген.
Ұлы географиялық ашылулар жаратылыстану ғылымдары, этнография, тарих үшін жаңа ауқымды материал берді. Әр түрлі діндер мен әдет-ғұрыптары бар қоғамдардың өмірін таныла отырып, еуропалықтар әлемнің сан алуандығына көз жеткізді. Алтын ғасыр және Америка тұрғындарының бұзылған сенімі туралы ойлар қайта өрлеу, реформа, әлеуметтік утопия идеяларымен үндесіп жатты. Сонымен қатар, қыпшақ тұрғындарымен қарым-қатынас тәжірибесін ала отырып, еуропалықтар өздерінің мәдени-тарихи ұқсастығын айқын сезіне білді. Алыс елдер туралы алынған мәліметтер еуропалық әдебиет пен өнерді байытты.
Ұлы географиялық ашылулар Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық процестерге терең әсер етті, капиталдың бастапқы жинақталуына ықпал етті. Колониялар Еуропа тауарлары үшін шикізат көздері мен өткізу нарықтарына қызмет етті. Жерорта теңізінен Атлантикаға негізгі сауда жолдарының орын ауыстыруымен бір өңірлер құлдырауға келді (Италия, Оңтүстік Германия), басқалары керісінше айтарлықтай күшейе түсті (Испания және Португалия, кейінірек – Англия және Голландия). Американдық бағалы металдарды ауқымды әкелу Еуропадағы айналыстағы алтын мен үш есе-күмістің санын екі есе ұлғайтты,бүкіл Еуропа бойынша бірінші қажеттілік заттары бағасының тез өсуіне, халықтың бір бөлігінің бұзылуына және басқалардың байуына (бағалар төңкерісін қара) ықпал етті. Алдымен Еуропа мен әлемнің басқа да бөліктері арасында, содан кейін Америка, Азия мен Африка арасында сауда байланыстарын кеңейту әлемдік нарықтың қалыптасуына алып келді. Халықаралық қатынастардың маңызды бөлігі сауда жолдарын бақылау үшін бәсекелестік, өз колонияларын сатып алуды күшейткен державалардың ұмтылысы, оларды ауыстырғаны үшін күрес болды. Метрополия колонияларының байлықтарының арқасында Еуропадағы өз позицияларын нығайтты. Бұл ретте әкелінген байлықтарды пайдалану тәсіліне Экономикалық даму қарқыны тәуелді болды. Нәтижесінде Англия мен Голландия алға шығып, Испания мен Португалия артта қалды. Алайда, Ұлы географиялық ашылулар еуропалықтар үшін және теріс мәнге ие болды: колониядағы жаппай эмиграция Испания мен Португалиядан өндіргіш күштердің әкетілуіне әкелді. Еуропалықтар жаңа ауылшаруашылық дақылдарымен (картоп, жүгері, қызанақ, Шай, кофе, какао, темекі, мақта) танысты. Әсіресе, кедей нандарға ауыстырған картоптың маңызы зор болды, жаңа уақыттың Еуропадағы аштық қаупін айтарлықтай төмендетті.
Ұлы географиялық ашылулар барысында пайда болған отаршылдық жүйе тұтастай әлемді біріктірді, сонымен қатар оны елдердің екі негізгі тобына бөле отырып: бір жағынан, тез бай билеушілер, екінші жағынан – Еуропалық экспансияның әсері жойқын сипатқа ие колониялар. Азия, Африка және Америка халықтарының тағдырына ұлы географиялық ашылулар мен отаршылдық шабуылдардың әсері бірдей емес. 18 ғасырға дейін Азияда еуропалықтар стратегиялық маңызды пункттерге ғана өз бақылауын орнатты,бірақ олардың әсері осы аумақтардың шеңберінен біртіндеп шығып кетті. Португалдықтар белгілеген сауда монополиясының режимі саяси және діни қайшылықтарды тұтатуға және қолдауға негізделген, бұл жалпы алғанда алдыңғы және Оңтүстік Азиядағы жағдайға әсер етті. Еуропа экспансиясының Африкаға әсері аса қиратушы болды, мұнда кенші континенттің тарихи даму жолына әсер ете отырып, бүкіл облыстарды босатты. Латын Америкасында конкистадорлардың қатыгездігі және еуропалықтар әкелген аурулар бастапқыда жергілікті халық санының айтарлықтай қысқаруына алып келді. Кейіннен ақылға қонымды саясатты жүргізу Латын Америкасы қоғамы мен мәдениетінің пайда болуына алып келді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлы географиялық ашылымдар Европаның шаруашылық өміріне көптеген әсерін тигізді.Испания,Португалия елдерінің Колумб,Магеллан сынды саяхатшылар, ұлы географиялық ашылымдардан кейін өздерінің аттарын өшпестей етіп қалдырды.Солардың ішінде Колумб өз мақсатына жетіп,адам баласына Американы ашып берді. Колумб есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.Колумб есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.Колумбтың география зерттеуіне қосқан жаңалығы өте мол,сондақтан оны атақты географ,теңізші,саяхатшы,әрі ғалым ретінде бүкіл дүние жүзі құрметтейді.
Ұлы географиялық ашылулар дін географиясындағы елеулі өзгерістерге ықпал етті. Христиан Еуропа миссионерлерінің ауқымды қызметінің нәтижесінде Азия, Африка және әсіресе Америкада кең таралған. Испандықтар мен португалдықтар уағыздаған жерде ағылшындар мен голландтар – әртүрлі реформа ағымдары, негізінен кальвинистік жағынан католицизм бекітілді.
Бұдан былай жердің зерттелуі ғылыми тұрғыда дамыды, көптеген географиялық жаңалықтар ашылды. Сонымен, Колумб, Магеллан сияқты саяхатшылардың ашқан жаңалықтары география үшін үлкен жаңалық болса,Европалық елдер үшін одан кейін,басып жаншуды, отарлау саясатын көздейді.
Кейінірек Англия, Голландия, Германия, Дания, Франция, Ресей , т.б Европалық елдердің жер шарын зерттеуі белгісіз болып келген мұхиттар мен теңіздер, құрлықтар мен түбектер ашылып адам аяқтары баса бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Орта ғасырлар тарихы 2-том -, оқулық. С.Д.Сказкинаның және басқалардың редакциясымен . Орысшадан өңделіп , 2- рет басылуынан аударылды. Алматы.”Мектеп”.1979жыл,.
2.Авадеева Е.Н. , Зданович Л.И. Сто великих мореплавателей Москва
3. Сказкина С.Д. История средних веков . 2-том .Москва..
4. Берлянт А.М. Картография. Учебник для вузов. М., Аспект Пресс.
СІЛТЕМЕЛЕР
https://malimetter.kz/fernando-magellan/
https://malimetter.kz/uly-geografiyalyk-ashular-kurstyk-zhumys
https://bilimland.kz/kk/plans/3687
https://surak.baribar.kz/555624/
Достарыңызбен бөлісу: |