8 млн тоннашөп дайындады, бұл биыл жоспарланған 25 млн тоннаның шамамен 32% құрайды.
Биыл өңірлердің жемшөп шығындарын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда облыс әкімдіктерінің қосымша қаражат жіберуге мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік корпорациясы 235,2 мың тонна жем қорын құрды. Бұл көлем мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бағамен сатылуы мүмкін. Бұл ретте, жемшөп қоры 2022 жылдың өткізу көлемінен 58% - ға артық. Мал азығы базасының проблемасын шешу мақсатында өткен жылы Министрлік Жем-шөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірледі. Алайда, жергілікті жерлерде онда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша әлі де жүйелі жұмыс жоқ, мал шаруашылығын жем-шөп базасын есепке алмай дамыту процесі жалғасуда.