География және табиғатты пайдалану факультеті



бет11/14
Дата22.04.2020
өлшемі1,63 Mb.
#63910
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тасболатова Айгүл геоинформатика 2 топ

Макротопонимдерүлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары



Домалақ Ана кесенесі. Домалақ ана - есімі Нұрила 1378-1456 жылдары өмір сүрген. Түркістандағы Яссы қыстағында туған. Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы ержүрек батыр Ақсақ Темірдің қарамағында әскер басқарған Әли Сланның қызы. Шешесінің есімі Нұрбике - Уәйіс ханның апасы еді. Домалақ ананың әкесі Әли Слан 1388 жылы Ақсақ Темір әскерінің құрамында Алтын Ордаға аттанарда әйелі Нұрбике мен Нұриланы (Домала ана), Түркістандағы әкесі Мақтым Ағзам қожаның үйінде қалдырады.


Бірде Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде суға түсіп жатқанда Нұрбикені жылан шағып өлтіреді. Әкесі әскерден келмеген, анасынан тірідей айырылған Нұрила бабасы Мақтым Ағзамның тәрбиесінде өседі. Мақтым Ағзам Қожа Ахмет Яссауидің қызы - Гауһар бибінің ұрпағы еді. Нұрила- арап сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрила (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған. Нұрила ана 1456 жылы мамырдың 28 жұлдызында қайтыс болғаннан соң, басына төрт қанатты күмбез орнатылады.

1906-1908 жылдары Ресейден қоныс аударып келген орыстардың тобыры күмбез-ескерткіштерді бұзып талқандап жібереді. 1908 жылдың жазында ақын Орынбай Тайманов (1867-1949) жаңа ескерткіш күмбез салдырады. 1942-1943 жылдары Шошқабұлақтың тұрғын орыстары, кәрістері тағы да бұзып тастайды. 1957 жылы тағы да жаңа күмбез салынады. 1998 жылы Домалақ ана кесенесі жаңартылып, 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет