География және табиғатты пайдалану факультеті



бет10/14
Дата22.04.2020
өлшемі1,63 Mb.
#63910
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тасболатова Айгүл геоинформатика 2 топ

Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібірмагистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Түркістан - Сібір темір жолыТүрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орт. Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет