География және табиғатты пайдалану факультеті


Оронимдер – таулардың аттары Қарамола тауы



бет6/14
Дата22.04.2020
өлшемі1,63 Mb.
#63910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тасболатова Айгүл геоинформатика 2 топ

Оронимдер таулардың аттары

Қарамола тауы  — Қарақтау тауларының орта бөлігіндегі тау. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Жиделі ауылының солтүстік-батысында 32 км жерде орналасқан. Сырдарияөзенінің алабында. Абсолюттік биіктігі 388 м. Қарақтау тауларының ең биік жері болып есептеледі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 5-6 км шамасында.

Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Кейбір бөліктерінің түпкі жыныстары жалаңаштанған. Батысында Үшбай, Мұзбел құдықтары, шығысында Жосалы қонысы орналасқан. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында боз жусан, балыш, күйреуік, сексеуіл қалың өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. 



Қазығұрт тауы – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 км-ге созылған. Ортаңғы биіктеу бөлігінің ұзындығы 22 км, енді жері 10 км. Ең биік жері жотаның шығыс бөлігінде орналасқан (1768 м). Шығыстан батысқа қарай аласарып 800 м-ге дейін төмендейді. Батыстың ең биік жері 875 м (Бағаналы) тауы. Солтүстік беткейі жалпақтау болып келетін бірнеше қырқалы жондарға тармақталады. Келес өзенінен бастау алатын оңтүстік-шығыс беткейі жарқабақты келген.

Тектоникалық құрылымы жағынан палеозойлық қатпарлыққа жатады. Геологиялық жыныстарының көпшілігі әктастардан тұрады. Жер бедерінде карстық процестер байқалады. Жотаның жонды-қырқалы келген шығыс бөлігіндегі қоңыр топырағында бұта аралас бидайық, нарғия, батысындағы аласа бөлігіндегі сұр, бозғылт сұр топырағында көктемдік көп жылдық өсімдіктер, еркекшөп, қоңырбас, қияқ, т.б., беткейлерінде бетеге, боз, шатқалдары мен аңғарларында арша, долана, алма ағашы өседі.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет