Астионимдер – қалалардың аттары
Жетісай қаласы — Түркістан облысы Жетісай ауданындағы қала, аудан және Жетісай қалалық әкімдігі орталығы. Облыс орталығы - Түркістан қаласынан онтүстік-батысқа қарай 393 км жерде, «Достық» каналының сол жағалауында,Сырдария алабында орналасқан.
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 30 487 адам (14 727 ер адам және 15 760 әйел адам) болса, 2009 жылы 36 494 адамды (17 437 ер адам және 19 057 әйел адам) құрады.
Мырзашөлде Достық (Киров атындағы) канал құрлысының жүргізілуіне және мақта шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы кент, 1969 жылы қалаға айналды.
Жетісайда мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май өндіру цехтары, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада «Сырдария» университеті, Қожа Ахмет Иасауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің филиалы, педагогикалық колледж, 6 орта мектеп, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, «Жетісай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, аурухана, емхана, орталық кітапхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ж. арқылы халықар.Ташкент – Сырдария – Бұхара темір жол өтеді.
Шардара қаласы — Түркістан облысындағы қала (1968 жылдан), Шардара ауданының орталығы. Облыс ортасы – Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала,Шардара бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. Қаланың аумағы 21,24 мың км2.
«Шардара» – көне парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасырдаегіншілігі, қолөнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959-68 жылдары "Сырдария" кенті аталып келді. Қала Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |