Әрбір топ өзіне бөлінген тақырыпты өзара бөлісіп, бірінші кезекте өз беттерінше оқи бастады, одан соң әрбір студент өзі оқыған дәріс материалын топта талқылап бір-біріне түсіндірді. Студенттердің топпен жұмыс істеу барысын бақылаудан төмендегі іс-әрекеттерді байқадым:
Өзгелердің пікірін тыңдау, жазбаша, ауызша әңгімелеу, бір-біріне сыйластықпен қарау, тыңдау; өзіне-өзінің сенімділігі артты; әрбір студенттің жеке қабілеті ашылады, студенттер сабақ басында туындаған қобалжулар мен өзіне деген сенімсіздіктерінен арылды.
Студенттер өзара тақырыптарын талқылап болған соң оларға постерлер таратылды. Бұл постерге студенттердің топпен талқылаған оқу материалының ішінен ең түйінді ойларды, маңызды идеяларды түсіру керектігі ескертілді.
Әрбір сабақта топық жұмыс арқылы бірлесіп әрекеттесу өз тиімділігін көрсетті.
Осы айтылған ойды тұжырымдау мақсатында келесі дәлелдемелер берілді (3-4 сурет):
Сурет-3,4. Топық жұмыс арқылы бірлесіп әрекеттесу кезеңі
Бұл дәлелдемелерде студенттер өздеріне берілген тақырыптағы ұғымдардың мәнін әртүрлі пішіндер, суреттер арқылы түсіндіруге тырысты.
Осы кезеңде менің байқағаным сабақтың басындағы студенттердің қобалжулары, яғни, мен бұл жұмысты орындай аламын ба?, Өз үлесімді қоса алмасам, ұят болмай ма? Маған топ мүшелерінің көзқарасы қандай болады - деген қорқыныш сезімдері жойылып, жұмыла кірісіп кетті. Әрбір топ жұмыстарын жұптасып, топтасып қорғады. Ол кезде де студенттер бірінің ойын бірі іліп алып кетіп жылдам жалғастырды, толықтырды. Оның көрінісін келесі суреттерден көруге болады (5-6-7 сурет):
Суреттер - 5,6. Студенттердің жұмыстарын қорғауы
Сурет-7. Жалпы топ студенттері
Осы топтық жұмысты бағалау мақсатында, студенттерге алдын ала дайындалған табыс өлшемдері таратылды. Онда студенттер өз жұмыстарына және басқа топтың жұмысына баға берді.
Ойымызды қорытындылай келе, оқу, талдау, келіспеу және басқа адамдармен пікір алмасу барысында біз өзіміздің көзқарасымызды орнықтырамыз, тереңдетеміз және нақтылаймыз. Сондықтан сабақтарда жұптық, топтық жұмысты пайдалану, сонымен қатар пікірталас пен ойжарыс енгізуді қажет деп тұжырымдадым. Студенттер алынған ақпаратты талқылауға, өзгелерді оқытуда және пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда жұптық, топтық жұмыстың тиімді болатындығы дәлелденді. Осыған орай, Бефель Ұлттық оқу зертханасы ұсынған Оқу пирамидасы бойынша ақпаратты сақтаудың жоғарғы пайыз көрсеткіштеріне жету үшін жұптық және топтық жұмыс кезінде талқылау, тәжірибе жасау, өзгелерді оқытудың тиімді екенін түсіндім.
Достарыңызбен бөлісу: |