Сүймұханов Ұ.А., Аманжолов А.И., Тажентаева И.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚТАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ (Материктер мен мұхиттардың физикалық география мысалында)
Бүгінгі күні көптілділік– заман талабы. Мұны елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын [1]. Жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу-көптілді тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елбасы 2020 жылға қарай барша қазақстандықтардың қазақ тілін, орыс тілінің 95% және ағылшын тілінің 25% -ын меңгеруі тиістігін міндеттеген [2]. Көптілділік - өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған қазіргі заман талабы әрі дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi болғандықтан, білімнің негізгі міндеттерінің бірі - өсіп келе жатқан ұрпақты жалпыәлемдік, глобалды құндылықтарға араластыру, әлемдік кеңістікте басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Мұндай міндетті жүзеге асыру оқу орындарына жаңа міндет, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді [1].
Қазіргі кездегі тілдердің рөлінің маңыздылығына байланысты қоғам алдында оқушыларды тілге үйрету және тілдік дайындықтарын көтеру және өз тілі мен халықаралық қатынас тілін меңгерген маман дайындау мәселесі тұр. Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат-өз халқының салт-дәстүрлерін білетін, кез келген жағдайда үш тілде коммуникативті әрекетке дайын әрі өзін дамытуға және жетілдіруге ұмтылған үш тілді меңгерген көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу. Қазір көптілді білім беру – білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты. Көптілді білім мазмұны ана тілі мен мемлекеттік тілде, сонымен қатар, бір немесе бірнеше шетел тілінде жүйеленген білім, білік және дағдыны қамтуы тиіс. Көпмәдениеттілік жағдайында көптілді білім беруді жүзеге асырудың негізгі идеясы білім алушылардың қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі тілдерді пайдалануға ынталандыру, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өз халқының мәдени құндылықтарын жоғалтып алмай, өзге елдің де мәдени құндылықтарын бойына сіңіре алу болып табылады [5].
2007-2008 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірінің 2007 жылғы 7 тамыз № 387 бұйрығы негізінде әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білімнің негізгі бағыттарын анықтау үшін 31 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде үш тілді оқытуды енгізудің жаңа жобасын жүзеге асыру басталған болатын. Көптілді оқытуды жүзеге асырудың оңтайлы тәжірибесіне қарай қазақ-түрік лицейлерінде, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарында, Назарбаев мектерінде 7 сыныптан бастап көптілдік оқытуды кезеңдеп ендіру қолға алынған болатын. Бұл мектептер санын 30-дан 700 дейін көбейту жоспарланған [3]. Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану, іс-қағаздардың үш тілде жүргізілуі тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне енгізу – үштілділік бағдарламасын іске асырудың жолы болмақ [4]. Қазіргі таңда білім жүйесінде көптілді білім берудің жалпы әдістемесі болмағандықтан, бұл салада ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесі өзекті болып отыр. Соған қарамастан көптілдік білім беру облыстық, дарынды балаларға арналған мектептермен қатар жалпы білім беретін оқу орындарына, мектеп-лицей және гимназияларға біртіндеп енгізілуде. Олардың алғашқы қадамы эксперимент жүргізу арқылы көрініс тауып отыр. Пәндерді көптілде үйрету мақсатымен факультатив пәндер енгізілген. Факультатив сабақтарында оқушылар пәндердің негізгі терминдерімен танысып, өздерінің ағылшын тілдерінен алатын білімімен сабақтастырады. Мұндай сабақтар оқушылардың ағылшын тіліндегі дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Осылайша оқушылардың ағылшын тіліндегі дүниетанымын қалыптастыру мақсатымен Слямия Саттаров атындағы мектеп-лицейінде география пәнінен терминологиялық факультатив сабақтар жүргізілуде. Терминологиялық сабақтарда оқушылар география пәнінің негізгі терминдерімен танысып қана қоймай, географиялық мәтіндермен жұмыс істейді. Сабақтарда оқушыларды пәнге ынталандыру түсу үшін ойын стратегияларын қолданылады. Эксперименттік сабақтар географияны окытуда ағылшын тілінде білім беруді жетілдірудің әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруге мүмкіндік бермек. Төменде сол сабақтардың мысалы ретінде сабақ жоспарын ұсынамын.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
География пәні
Пән мұғалімі: Тажентаева И.Н
Сыныбы: 7 ә
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның ішкі сулары (ірі өзендері мен көлдері, теңіздері)
Сабақтың мақсаты:
- Еуразия материгінің негізгі ірі өзендері мен көлдері, теңіздерімен таныстыру;
- Еуразия материгінің негізгі өзендері мен көлдері, теңіздерінің атауларының ағылшынша атаулары мен қазақша атауларын салыстыру;
- Дүние жүзілік картадан өзен-көлдерді, теңіздерді ағылшынша атаумен сипаттап, көрсету.
Табыс критерилері:
- Еуразия материгінің негізгі өзендері мен көлдерінің орналасуын анықтау.
- Өзендердің бассейндерін ажырата білу.
Оқыту нәтижелері:
- Еуразия материгінің негізгі өзендері мен көлдері, теңіздері туралы біледі
- Картаны пайдаланып, орналасуын анықтайды.
- Негізгі бассейндерді ажыратады
- Ағылшын тілінде атауларын үйреніп, картадан көрсетеді
Дерек көздер:
- «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7 сынып, Атамұра.
- «Geography of continents and oceans» 7 forms
Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, таратпа материалдар, слайд, суреттер, стикер, маркер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- Топқа бөлу
- Өрмекші әдісі
- Топтау әдісі
- Картамен жұмыс
- Сөздікпен жұмыс
- Ағылшынша сөздерді әріптеп айту
- Сөздерді топтастыру
І. Кіріспе. Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
|
Уақыт мөлшері
|
3 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Видео-өлең. «Мен табиғатты жақсы көремін». Ағылшын тілінде айтылатын бұл өлеңнің сөздері тақтадан шығып отырады. Оқушылар қосылап ән айтады.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бірге қосылып өлең айтады
|
Күтілетін нәтиже
|
Сабаққа назарын аударту.
|
Ресурстар__Видео_материал.__ІІ._Үй_тапсырмасын_сұрау'>Ресурстар
|
Видео материал.
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
|
Уақыт мөлшері
|
8 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Миға шабуыл. Сұрақ-жауап, картадан көрсету.
Жиналған ұпай санын есептейді.
Алдын-ала сынып бұрышына әр оқушының аты-жөні бар қағаз іледі. Онда сабақ барысында оқушылардың жиналған ұпай саны жазады. Қағазда бірнеше бағана болады:
-Үй тапсырмасы
-Топпен жұмыс
-Ойын
-Жалпы ұпай
Сәйкесінше үй тапсырмасы бағанасына оқушылардың алған бағаларын маркермен жазады.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үй тапсырмасын сұрау барысында, оқушылар формативті әдіс арқылы тақтада берілген ұяшықты таңдап, сұраққа жауап беріп, ұпай жинайды. Ұяшықтар 3 тақырып бойынша беріледі.
1.Features of the continent (Eurasia)
2. Show on map
3. Geographical location of the continent(Eurasia)
Әр тақырыпқа сәйкес 10 нан-40 дейін ұяшықтан таңдалады
|
Күтілетін нәтиже
|
Таңдалған ұяшықтағы тапсырмаға сәйкес, жылдам ойлау қабілетін дамыту
Негізгіні бөліп алу, есте сақтау.
|
Ресурстар
|
Слайд
|
ІІІ. Негізгі бөлім (жаңа сабақ)
|
Уақыт мөлшері
|
10 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Жаңа сабақты слайд арқылы, түсіндіру. Оқушыларға Еуразияның ішкі суларына (ірі өзендері мен көлдері, теңіздері) қатысты термин сөздері бар парақшалар таратады.
1.Еуразияның өзендері.
Кесте- ұяшықта 4 мұхит алабы жазылған слайдтан гиперсілтеме арқылы әр қайсысына өтеді. Әр сілтеме арқылы өткен соң, сәйкесінше алапқа құятын өзен аттары берілген кесте ашылады. Кестеде өзен ағылшын тіліндегі аты, оқылуы, аудармасы болады. Мұғалім картадан әр қайсысын көрсетеді.
The basin of Pacific ocean→
Amur-[əˈmjʊər]-Амур
Yangtze-[ˈjæŋktsɪ]-Янцзы
Mekong-[ˈmeɪkəŋ]-Меконг
2. Еуразияның негізгі теңіздері мен көлдері үстідегі көрсетілген үлгі бойынша, сілтеме арқылы көрсетіледі.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Керекті мәліметті дәптерге түсіру. Дәптерге Еуразияның ішкі суларының атауларын түсіреді. Картадан табады. Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
Ресурстар'>Күтілетін нәтиже
|
Жаңа мәліметпен танысу, есте сақтау
|
Ресурстар
|
Слайд
|
Уақыт мөлшері
|
12 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Балаларды 2 топқа бөлу. Қар қылауларының нөмірі әрі сызбасына сәйкес бөлінеді
Өрмекші әдістері.
Топтау әдісі
Балаларға таратпа материалдарын тарады. Таратпа материал кесте және мәтіннен тұрады.
1.Өрмекші әдісіне 1 топ Еуразия материгінің 4 мұхит алабын және оған құятын өзендерді салады.
2. Еуразия материгінің теңіздері мен көлдерін 2 топ үлкен шеңбердің ішіне кіші шеңберлерді орналастыру арқылы топтайды.
Мұғалім топ мүшелеріне 0-ден 10 дейін ұпай береді. Алған ұпайларын ұпай қағазына түсіреді.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Жаңа әдістерді түсініп, плакатқа түсіру. Объектілерді картадан көрсету. Жаңа сабақты карта арқылы бекітеді.
|
Күтілетін нәтиже
|
Жаңа сабақты сызба арқылы түсіну
|
Ресурстар
|
Слайд
|
Уақыт мөлшері
|
5 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
«Wordbuilder» ойыны. Шарт бойынша. Кестеде ретсіз жатқан әріптердің арасынан сөздерді тауып дөңгелектейді, аударады. Жер атауларын картадан көрсетеді. Ойын нәтижесі бойынша 0-ден 10 дейін ұпай беріледі.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар берілген уақытта топпен жұмыс арқылы, ақылдасып, ойларын ортаға салып сөздер құрайды.
|
Күтілетін нәтиже
|
Топпен жұмыс нәтижесінде ағылшын тілінен сөздік қорын ортаға салады. Еске түсіреді
|
Ресурстар
|
Слайд.
|
Уақыт мөлшері
|
5 мин
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
«Spelling Bee» ойыны. Бұл ойында оқушылар тақтадағы ережені оқиды. Тақтада ереже беріледі.
“An area of land in the ocean, the sea or the river, surrounded on all sides by water”
Оқушы оны табады. Және әрбір әріпін дыбыстайды.
Жауабы: island, әріп бойынша дыбыстауы: i-s-l-a-n-d
Ойын нәтижесі бойынша 0-ден 10 дейін ұпай беріледі.
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Топпен шапшаң жұмыс істеп, ережелерді оқып, тауып, дыбыстайды.
|
Күтілетін нәтиже
|
Өтілген сөздерді еске түсіреді. Ойлау қабілетін шынықтырады.
|
Ресурстар
|
Слайд
|
IV. Қорытынды бөлім. Сұрақ-жауап
Өтілген тақырып бойынша жалпы сұрақтар:
-What rivers are in Eurasia?
-main ocean basins and their rivers?
V. Бағалау. Сабақты бағалау жиналған ұпай санына сәйкес.
0-40 ұпай=5
40-70 =4
70-100=3
Ұпай қағазынан әр оқушының ұпайы есептелінеді.
VI. Үй тапсырмасын беру. - Жаңа сөздерді жаттау
-атластан Еуразияның өзгеде өзен, көлдерін, теңіздерін тауып, ағылшын тіліне аударып дәптерге жазу.
VII. Рефлексия. Тақтада 3 бағанға бөлінген кесте беріледі.
1 бағаны «+» белгісімен
2 бағаны «-» белгісімен
3 баған «қызықты» деген түрде болады. Балалар сабақтан алған алған әсерлеріне сәйкес жабыстырма қағаздарын тақтаға жабыстырады.
Ұсынылып отырған сабақ жоспары география пәнінен терминологиялық сабақтың бір ғана үлгісі болып табылады. Сабақтың әр кезеңінде қолданылған әдіс-тәсілдер оқушының тілге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, ағылшын тілін өзіндік дамытуына итермелейді. Жоспарда көрсетілген ойын тәсілдерін қолдану оқушылардың ағылшын тілін табиғи түрде меңгеруіне әсер етеді. Ойын арқылы оқытудың артықшылығы – туған емес тілде жаңа тілдік және ауызша материалды меңгеру нәтижелі жүреді, себебі қарым-қатынас үрдісі эмоционалды кең ойын алаңында жүреді
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада: - бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы; - ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі; - болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы; - аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау; - мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу. Бұл өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсат анықталды. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу [4].
Қолданылған әдебиеттер.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы, Астана, 2007 жыл.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жыл.
3. Б.А.Жетписбаева, О. Т. Аринова, От идеи «Триединство языков» Н.А.Назарбаева до полиязычного образования в Казахстане // Вестник КарГУ, 2012 жыл. // http://articlekz.com/article/5831
4. Д.Н. Ахилбек, А.Ж. Абдикадыр, Білім берудегі көптілділік // Көптілділік жоғары білім беру контекстінде атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 2015 жыл.-308 бет
5. А. Жанибекова, Қазақстандағы көптілділік: қалыптасу жолдары // Көптілділік жоғары білім беру контекстінде атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 2015 жыл.-308 бет
Достарыңызбен бөлісу: |