4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттамасы
|
Ұсынылған тапсырма түрі
|
Білу және түсіну
|
Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, Негізгі категорияларын түсіндіреді.
|
КТБ - көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Қолдану
|
Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру, сандық әдістерін қолданады, статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасайды, табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтайды және графикалық түрде ұсынады, геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі категорияларын графикалық түрде көрсетеді, дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді және графикалық түрде ұсынады, экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлін анықтайды, елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтайды, дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді, негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды, дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады, көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді.
|
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға береді, табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсынады, геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттейді, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады, ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибені зерттейді, Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру негізінде экологиялық проблемалардың шешу жолдарын ұсынады, шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдайды, дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдайды, Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтайды, геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға береді, дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіреді, жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің рейтингтерін графикалық түрде көрсетеді, адамзаттың дамуындағы проблемаларды топтастырады.
|
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |