«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 10-сынып



бет1/11
Дата22.05.2022
өлшемі5,13 Mb.
#144475
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
@10SYNYPBJB ГЕОГРАФИЯ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB-4



«География» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация


10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)


БҰЛ ТБЖБ ВК @10synypbjb группасынан алынган!!!


Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb


ББЖБ ТБЖБ ЖАУАПТАРЫ БАР!!!
↓↓↓
Nur-Sultan, 2020
МАЗМҰНЫ

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 3
3. Күтілетін нәтиже 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 6
7. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 29


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат


Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы


3. Күтілетін нәтиже




Біледі:
география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін.


Түсінеді:
заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасынан тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын.


Қолданады:
геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін.


Талдайды:
сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін.


Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды.


Бағалайды:
геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет