«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 10-сынып



бет8/11
Дата22.05.2022
өлшемі5,13 Mb.
#144475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
@10SYNYPBJB ГЕОГРАФИЯ ҚГБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB-4

Жалпы балл

25



3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25


Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма № *

Тапсырма түрі*

Орындалу уақыты, мин*

Балл*

Бөлімге берілетін балл саны

Геоэкономика негіздері

10.4.1.1 Геоэкономиканың мақсаты мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіру

Білу және түсіну

1

1

ҚЖ

2

1

17

10.4.1.2 Елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау(қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)

Қолдану

1

2

ҚЖ

4

2

10.4.1.3 Шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

6

ТЖ

7

2

10.4.1.5 Дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу

Қолдану

1

4

ҚЖ

4

4

10.4.1.6 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

7

ТЖ

6

4

10.4.1.10 Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау

Жоғары деңгей дағдылары

1

8

ТЖ

6

5

Геосаясат негіздері

10.5.1.2 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау

Қолдану

1

3

ТЖ

4

4

8

10.5.1.5 Геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

7

4

Барлығы







8

8




40

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Геоэкономика ұғымын түсіндіріңіз.


[1]

2. Орта Азия мен Батыс Еуропа аймақтарының экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтаңыз.


[1]

Климаттық және саяси ерекшеліктердің шаруашылықтың және қызмет көрсету саласына әсерін сипаттаңыз.


[1]

3. Геосаяси объектілер мен субъектілеріне екі мысалдан келтіріңіз.





Геосаясат

Объектілер

Субъектілер







[4]


4. 1-суретте берілген картада елдердің шаруашылық құрылымы бойынша таралуы берілген.



1-сурет елдердің шаруашылық құрылымы бойынша таралуы

Карта бойынша мемлекеттердің шаруашылық құрылымын кестеге жазыңыз.



Қызметтік Батыс елдері

Ауылшаруашылық өндірісі
елдері

Шикі зат өндірісі

Индустриалды өндіріс елдері











[4]
5. Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беріңіз
а. Геосаяси жағдайының екі қолайлы жақтары
[2]
b. Геосаяси жағдайының екі қолайсыз жақтары
[2]
6. Таңдау бойынша (Атырау мұнай өңдеу зауыты, Шымкент химфарм зауыты, Қарағанды металл бұйымдары зауыты, Павлодар алюминий зауыты) өнеркәсіп орталықтарының орналасу ерекшелігін талдаңыз
а. Өндірісті орналастыруға әсер еткен физикалық-географиялық факторларды анықтаңыз.
[1]
b.Өндіріс орнының орналасуына әсер еткен экономикалық-географиялық факторларды анықтаңыз
[1]

7. Мәтіндегі оқыңыз.



Капиталистік әлемнің дамуын Валлерстайн әлем елдерін 3 топқа жіктейді. Олар: орталық, жартылай периферия, периферия елдер деп. Орталыққа дамыған елдері кіреді. Ал жартылай периферия елдеріне, өтпелі экономикада жатқан елдер мен мұнай экспорттаушы елдер кіреді. Перифериялы елдерге көбіне әлемнің дамушы 100 елі кіреді олардың экономикасы ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді.

2-суреттегі картаны пайдалана отырып, орталық, жартылай периферия, периферия елдерді анықтап, шаруашылығын талдаңыз.

2-сурет Валерстайнның моделі бойынша әлем экономикасына талдау



Елдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет