2. Жасыл өсімдіктердің азаюының салдарын анықтаңыз:
қоршаған орта үшін __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген мәтінді қолданып, географиялық қабықтың құрамы сызбасын толықтырыңыз.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабықтуралы ілім негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат кешені болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күннен алады. Зат пен энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.