Табиғи ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.
Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.
Табиғи ортаның антропогендік ластануы
«Жылыжай эффектісі» (парниктік эффект) - ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өзіне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуі.
Қоршаған ортаның ластану түрлері:
Шығу тегі бойынша
Ластану нысаны бойынша
Ұзақтығы бойынша
Ауданы бойынша
Ластану көздері мен түрлері бойынша
Ластанудың жіктелуі
Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдары:
Су ресурстарын қорғау арқылы
Атмосфералық ауаны қорғау арқылы
Биологиялық ресурстар, жер ресурстарын қорғау арқылы
Минералдық ресурстарды қорғау арқылы
Су ресурстарын қорғау
Су ресурстарын қорғау әрі ұтымды пайдалану;
Кәсіпорындарда суды тазартуға арналған қондырғылар салу;
Барлық түрдегі айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін енгізу;