Тақырыбы:«Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі. Қоршаған ортаның сапасы»
Оқу мақсаттары:
─ Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды азайту жолдарын қарастыру.
─ Қоршаған ортаның сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау.
Бағалау критерийлері:
Онлайн сабаққа шығып, теориялық тапсырманы орындау сапасын меңгеру, (конспект,эссе жазу, лекция бойынша берілген тапсырманы орындау)
15%
100%
Есіңе түсір!
1. Табиғатты пайдалану жолдарын жіктеген атақты орыс экологы кім?
Николай Фёдорович Реймерс (1931ж.-1993ж.)
Н. Ф. Реймерстің жіктеуі бойынша табиғатты пайдалану жолдары қандай шаралардан тұрады?
а) табиғат ресурстарын өндіру, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден өткізу, оларды қорғау шараларынан;
ә) адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалануы және қорғау шараларынан;
б) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту, қайта қалпына келтіру және сақтау шараларынан;
в) адам саны мен адамның табиғи өсімін реттеу шараларынан тұрады.
Қай америкалық ғалым табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырды?
Юджин Одум (1913ж.-2000ж.)
Америкалық ғалым Юджин Одумның пікірі бойынша, табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырады. Олар қалай аталады?
— эстетикалық және демалыс сұраныстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;
— тұтыну мен қалпына келудің тепе-теңдігін сақтай отырып, пайдалы өсімдіктердің, жануарлар мен түрлі материалдардың үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
ҚОРШАҒАН ОРТА- табиғи обьектілердің,оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауа, су, топырақ, жер қойнауы мен табиғи ресурстардың жиынтығы.