43-44 Дамушы елдердің топтары
Дамушы елдердің негізгі топтары:
Жетекші дамушы елдер
Жаңа индустриялық елдер
Мұнай экспорттаушы елдер
Плантациялық шаруашылық елдері
«Жалға пәтер беруші» елдер
Даму деңгейі төмен елдер
-
Жетекші дамушы елдер
|
Бұл топшадағы елдерде халық санының көптігі елді арзан еңбек ресурсымен қамтамасыз етеді. Мысалы: Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика. 2017 жылғы әлемдік банк рейтингі бойынша Қытай жан басына
шаққандағы жиынтық ұлттық табыс өнімі (САҚП) мөлшері жөнінен әлемде 78-орында, Үндістан 123-орында тұр.
|
Жаңа индустриялық елдер
|
Бұл елдер өте қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша сапалық секіріске қол жеткізді. Мысалы:
Малайзиы, Таиланд.
|
Мұнай экспорттаушы елдер
|
Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэлла және т.б. енетін бұл топшадағы елдерге көп мөлшердегі мұнай экспортынан басқа, жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы, қаржы экспортына бағдарлану, экономика салалары мен әлеуметтік өмірде, тұрмыста жаңа технологиялардың кеңінен енгізлуі
тән.
|
Плантациялық шаруашылық
елдері
|
Бұл топшадағы елдерге Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Гана, Кот-дИвуар,
Шри-Ланка жатады және агроклиматтық жағдайлары қолайлы.
|
Жалға пәтер беруші елдері
|
Бұл топшаға енетін елдердің (Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам Аралдары, Барбадос, Панама) халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы және бірқатарында рекреациялық ресурстардың
болуы даму бағыттарын анықтап берген.
|
Даму деңгейі төмен елдер
|
Бұл топшадағы елдерге экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі, табиғи өсудің жоғарылығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы тән болады. Аталған топшаға 2018 жылы Мұхит аралдары, Африка,
Азияда орналасқан 47 ел енді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |