өтпелі экономика елдері
ХХ ғасырдың 80-жылдары соңы мен 90-жылдары басында социалистік жүйенің ыдырауы нәтижесінде бұрынғы социалистік елдер жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асыра бастады. Өтпелі экономика елдеріне 28 ел жатады.
Өтпелі экономика елдері
-
Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік мемлекеттері
|
Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Словакия, Чехия;
Босния, Герцеговина, Македония, Словения,
Хорватия, Сербия, Черногория
|
Бұрынғы КСРО құрамында болған елдер
|
Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан,
Өзбекстан, Украина, Грузия
|
Балтық бойы республикалары
|
Латвия, Литва, Эстония
|
Нарықтық экономикаға көшудің эволюциялық жолын таңдаған елдерге – Венгрия, Словакия, Чехия жатады. Бұл елдерде экономиканың өрлеуі жылдам сипат алды.
ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталды.
1993 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде үкімет пен мемлекет басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды.
2009 жылы Грузия мемлекеті өз өтініші бойынша ТМД құрамынан ресми түрде шығарылды. Күйзеліспен емдеу кезеңі 1991-2000 жылдар аралығы.
Дамушы елдер
Дамушы елдер қатарына Азия, Африка, Мұхиттық аралдар, Латын Америкасындағы елдер жатады. Дамушы елдерге тән белгілер:
Бұрын отар немесе жартылай отар болуы
Экономикасының көп укладтылығы
Жергілікті қаржының жетімсіздігі, ұлттық экономикадағы үлесінің төмен болуы
Қоғамдық әлеуметтік құрылымының ала-құлалығы
Жоғары дамыған елдерге қаржылық ғылыми-техникалық жағынан тәуелділігі
Әлемдегі ірі ұлтаралық бірлестіктердің пайдасы ретінде елден қайтымсыз әкетіліп жатқан қаржының болуы
Дамушы елдердің көпшілігіне тән мәселелер: кедейшіліктің жаппай таралуы, еңбек өнімділігінің төмендігі, халық санының жылдам өсуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы
Достарыңызбен бөлісу: |