Дүниежүзінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру
Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) – жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құны.
Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) – жыл ішінде белгілі бір аумақта шетелдік кәсіпорындарды есептемегенде өндірілген тауарлап мен көрсетілген қызметтің жалпы құны.
Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткіштері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік АҚШ доллары пайдаланылады.
Халықаралық салыстырулар неғұрлым жәл жүргізу үшін ЖІӨ сатып алу қабілетінің паритеті есебімен беріледі (САҚП)
2017 жылы дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі (САҚП есебімен) жөнінен Қытай жетекші орынға ие болды.
37-38 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу. Дамығаг елдер.
Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай
экономикасы дамыған, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі.
Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер қатарына 40 шақты елді жатқызады. Олардың 35-і әлемдік тауар өндірісі мен қызметінің 60%-ы тиесілі болатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылады.
Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші – ғылыми-техникалық прогресс.
Ғылыми-техникалық ілгерілеудің басты көрсеткішінің бірі – ғылымға негізделген өндірістің дамуы. Қазіргі дүниеде осындай өндіріс АҚШ, Жапония мен Германияда шоғырланған.
Дамыған елдерде инфрақұрылым, әлеуметтік қызмет көрсету жоғары даму деңгейіне жеткен.
Дамыған елдерде шикізат пен еңбек ресурстарын аз қажет ететін және ғылыми-зерттеу мен тәжірбиелік- конструкторлық шығындар көлемі көп болатын жоғары технологиялық салалар (хай-тек) мен технологиялық қызмет көрсететін софт-салалар күшті дамыған.
Дамыған елдердің бәсекеге қабілеттілігінің негізін ғылыми білім мен жоғары деңгейдегі мамандар құрайды. Әлемдік экономикаға тікелей ықпал ететін ірі қаржы орталықтары: Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио