Қырғиқабақ соғыс – Батыс және Шығыс арасындағы 1945-1991 жж. Орын алған ғаламдық геосаяси, әскери, экономикалық және идеологиялық текетірес.
НАФТА – Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы.
Оффшор – шетелдік компаниялар үшін кәсіпкерлікті жүргізудің айрықша жағдайлары бар ел немесе аумақ.
Талассократия – («таласса» теңіз) мемлекеттің теңіз арқылы басымдылыққа ие болуы
Теллурократия – (Теллус – ежелгі Римдіктердің Жер-Ана құдайы) мемлекеттің құрлық арқылы басымдылыққа ие болуы.
Геосаясаттағы экономикалық факторлардың маңызын британдық географ Питер Тейлор зерттеген.
Геосаясаттағы әлеуметтік және демографиялық факторлардың маңызы
Жікшілдік пайда болған аудандарда этностық қана емес, діни фактордың да маңызы артып отыр, бұл католиктер мен протестанттар (Квебек, Солтүстік Ирландия), ислам мен православие (Косово, Солтүстік Кипр), ислам мен индуизм (Кашмир) арасындағы жікшілдік түрінде көрініс берген.
Дүниежүзі бойынша жікшілдіктің 50 шықты негізгі ошағы бар, олардың 20-ға жуығында қарулы қақтығыстар болып тұрады. Жікшілдік аумақтар 12,7 млн км2 жерді алып жатыр, мұнда 220 млн халық тұрады.
Қазақстан Республикасы президентінің 1995 ж. 1 наурыздағы жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.
Араб елдерінде, әсіресе Солтүстік Африкада халық санының қарқынды өсуі көршілес орналасқан Батыс Еуропаға қоныс аударушылар санын ұлғайтуда.
2005 жылы Париж маңындағы аудандарда тұратын иммигранттар ұйымдастырған жаппай қирату әрекеттерінен соң, Франция парламенті «Таңдамалы иммиграция туралы» заң қабылдап, елге қоныс аударатындар үшін талаптарды күшейтті.
Геосаясаттағы саяси, әскери және технологиялық факторлардың маңызы
Кибершабуыл – ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне қастандық
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында елдің сыртқы саясатының мақсаттары, басымдылықтары мен міндеттері айқындалған.
Қазіргі кезде мемлекеттің әскери қуаттылығы теңіз, әуе, ядролық, ғарыштық және ақпараттық әлеуетімен анықталады.
Мемлекеттің қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін геосаяси ресурс – ядролық қару
ХХ ғасырдың 90-жылдарында көпұлтты мемлекеттер болып саналатын КСРО мен Югославия ыдырады, әсіресе соңғысында қарулы қақтығыстар орын алды.
1992 жылдан бері дүниежүзінің елдерінің 1/3-інде этностық негіздегі шиеленістер болды.
ХХІ ғасырда дамыған мемлекеттер өз аумағын кибершабуылдан қорғайтын құралдарға жүгінуге мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |