Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау


Физикалық-географиялық аудандастыру



бет26/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Физикалық-географиялық аудандастыру – жер бетінің беткі бөліктерін табиғатының ортақ белгілері мен ерекшеліктеріне негізделе отырып, түрлі деңгейлердегі аумақтарға бөлу жүйесі
Физикалық-географиялық аймақ – ірі геологиялық құрылымға сәйкес келетін, орографиялық жағынан салыстырмалы түрде біртұтас, өзіндік географиялық зоналар құрылымы бар ірі аумақ
Физикалық-географиялық аудан – геоморфологиялық және геологиялық тұрғыдан жер бедері біртектес болып келетін өзіндік географиялық зоналар құрылымы бар ірі аумақ.
Географиялық ландшафт – жер бедері, су, топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі өзара күрделі байланыста болатын, біртұтас үздіксіз жүйе құрайтын табиғи географиялық кешен.
  1. Дүниежүзін тарихи-мәдени аудандастыру


ХХ ғасырда ағылшын ғалымы А.Тойнби адамзат тарихын жекелеген өркениеттерге жіктеп, олардың қалыптасуына табиғиғ және әлеуметтік факторлар ықпал ететінін талдаған.






Тарихи-мәдени аудандастыру

Тарихи-мәдени аймақтар

1

Юнеско жіктемесі

Еуропа, Араб-Мұсылман, Үнді, Қиыр Шығыс, Тропикалық Африка, Солтүстік Америка, Латын
Америкасы

2

С.Хантингтон жіктемесі (діни және географиялық негізде)

Батыс, славян-православиелік, исламдық,
конфуциялық, индуистік, жапондық, латынамерикалық, африкалық

3

В.Вольский жіктемесі

Батыс Еуропа, Орталық-Шығыс Еуропа, Ресей- Еуразиялық аймақ, Солтүстік Африка мен Орта шығыс, Шығыс Азия, Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка, Солтүстік Америкасы, Латын
Америкасы, Аустралия, Мұхиттық аралдар

Солтүстік Америка мен Аустралия – еуропалық қоныс аударушылар мекені. Латын Америкасы – үндіс, еуропалық, африкалық және қазіргі заманғы америкалық мәдениеттің үйлескен аймағы. Батыс Еуропа – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі еуропалық мәдениеттің отаны. Орталық Шығыс Еуропа – ХХ ғасырда өзіндік мәдени ерекшеліктері қалыптасқан жас аймақ. Ресей-Еуразиялық аймақ – тарихи тағдыры ортақ мәдени ерекшеліктері әртүрлі халықтар қоныстанған аумақ. Шығыс-Азия – айрықша ұлттық-мәдени көзқарастар мен оқшау дамудың аймағы. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия – ежелгі өркениеттерден бастау алған өзіндік мәдени бейнесі бар аймақтар. Солтүстік Африка мен Орта-Шығыс – ислам құндылықтары мен


мәдениеттің отаны. Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка, Мұхиттық аралдар – өзіндік дәстүрлі мәдениеті сақталған аймақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет