Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – есептеу техникасы және телекоммуникация құралдары арқылы ақпаратпен әрекет ету әдістері мен үдерістері.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі – дүниежүзі елдерінде АКТ дамуын сипаттайтын кешенді көрсеткіш.
Интернетті пайдаланушылар үлесі жөнінен Норвегия 1-орын алады, мұнда халықтың 96,8 пайызы интернетті пайдаланады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму индексі 2007 жылдан бері 11 көрсеткіш негізінде есептеліп келеді.
70-71 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингі
Turebayev Zhandos
ХХ ғасырдың 80-жылдарында қоғамдық дамудың аса маңызды мақсаты тұрғын халық пен оның дамуы екендігі туралы идеялар пайда болды.
Адам дамуының индексі (АДИ) – елдерді салыстыру және өмір сүру, сауаттылық, білімділік деңгейін және өмір сүру ұзақтығын өлшеу мақсатында есептелетін интегралды көрсеткіш.
АДИ көрсеткішін 1990 жылы белгілі пәкістандық экономист Махбуб уль-Хак жетекшілік еткен экономистер тобы ұсынды. Аталған ғалым 1990 ж. БҰҰ ДБ жариялаған адам дамуына қатысты алғашқы баяндаманың бастаушысы және авторларының бірі болды. Тұжырымдама авторлары экономикалық тұрақтылық пен ЖІӨ өсімінің де маңызды екендігін ескерді: олар адамзаттың тұрақты дамуында аса маңызды болып табылады. Сондықтан АДИ көрсеткіштерінің бірі ретінде халықтың табыс мөлшері алынды. Дегенмен адамдардың өмір сапасы дамудың басты сенімді көрсеткіші ретінде алынды.
АДИ есептеу барысында 3 түрлі көрсеткіш ескеріледі, ол осы үш индекстің орташа арифметикалық мәні болып табылады:
Егер АДИ бойынша елдің рейтингісі ЖІӨ рейтингісімен салыстырғанда жоғары болса, бұл ел экономикалық өрлеуді адамдардың мүмкіншіліктерін дамыту үшін толығымен пайдалана алды деуге болады.
Егер АДИ өсу қарқыны жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімінен төмен болса, бұл елдегі экономикалық гүлдену халықтың өмір сапасының артуына алып келмеді деп есептеледі. Мысалы, жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері жөнінен соңғы жылдары бірінші орын алатын Катар АДИ рейтингісінде тек 33-орын алады, бұл экономикалық дамудың адам мүмкіншіліктерін дамытуға толықтай бағытталмағанын аңғартады.
БҰҰ ДБ 2017 жылы жарияланған АДИ рейтингісінде Қазақстан 0,800 көрсеткішімен 52-орынды иеленді.
Көпшамалы кедейшілік индексі (ККИ) факторларды шаруашылықтар деңгейінде қарастырады, бұл табысты өлшеумен салыстырғанда неғұрлым толық бейнелей алады. ККИ бойынша баға берілген 104 елде 1,56 млрд адам немесе тұрғын халықтың 30%-дан астамы көпшамалы кедейшілікке душар болған. ККИ бойынша кедей адамдардың үлесі ең жоғары елдердің барлығы Африкада орналасқан. Абсолютті көрсеткіштер бойынша ең көп кедейлер – Оңтүстік Азияда тұрады.
Гендерлік теңсіздіктің индексі (ГТИ) – ерлер мен әйелдер арасындағы жетістікке жетудің мүмкіндіктерін үш өлшем бойынша бағалайды: репродуктивті денсаулық, құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері. 2016 жылы ГТИ рейтингі бойынша тізімнің басында Швейцария, Дания, Нидерланд тұр.
Жыныстардың теңсіздігін ескеретін даму индексі арқылы АДИ тәрізді көрсеткіштер бойынша адам дамуы бағаланады. Айырмашылығы – үш көрсеткіштің ерлер мен әйелдерде қаншалықты айырмасы үлкен болса, соғұрлым көрсеткіш төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |