Ресей ғалымы С.Мироненконың анықтауынша, экономикалық өрлеудің қарқынын, халықтың еңбекпен қамтылуы мен нақты табыс мөлшерін арттыруға қабілетті елді бәсекеге қабілетті ел деп атауға болады.
Жеке елдің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 5 негізгі белгілерін ажыратқан америкалық ғалым – М.Портер ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында табиғи газдың мол қорын ашып, экспорттай бастаған ел – Нидерланд.
Елдердің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты зерттеулерді Халықаралық менеджмент пен даму институты (Лозанна, Швейцария), Дүниежүзілік банк пен әлемдік экономикалық форум жүргізеді.
2017-2018 жылдарға ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша рейтингке барлығы 144 ел мен аумақтар енгізілген. Бұл тізімде алғашқы үштікті Швейцария, АҚШ, Сингапур құраса, Қазақстан Республикасы 57-орынды алды.
Ресейлік географ В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша ғаламдық мәселелер деп бүкіл әлемді, барлық адамзатты қамтитын, адамзаттың бүгіні мен ертеңіне қауіп төндіретін және шешілуі үшін барлық елдер мен халықтардың бірлескен әрекеттерін талап ететін мәселелерді атайды.
Бейбітшілікті сақтау мәселелері
Осы кезге дейін әлемде 14 мыңдай соғыс болып, 3 млрд-тан астам адам опат болған.
Дүниежүзі бойынша 17 ғасырда шамамен 3,3 млн адам, 18 ғасырда 5,4 млн адам, 19 ғасырда 5,7 млн адам соғыс құрбаны болса, ХХ ғасырдағы Бірінші дүниежүзлік соғыс 20 млн адамның, Екінші дүниежүзілік соғыс 50 млн адамның өмірін алды.
1986 жылғы Чернобыль атом электр стансысындағы жарылыс ядролық апат зардаптарының бір елдің деңгейінде қалып қоймайтындығын тағы да бір рет дәлелдеді.
Стокгольм бейбітшілік мәселелелерін зерттеу институтының деректері бойынша 2017 жылы әскери шығындардың жылдық мөлшері 1 трлн 238 млрд АҚШ долларынан асып түсті.
Елдің әскери қуатын арттыруға бағытталған милитаризм экономика, саяси және идеологияның басын қосатын біртұтас жүйе болып табылады. Милитаризмнің қазіргі көрінісі – дүниежүзіндегі ірі елдердің барлығында дерлік қалыптасқан аса қуатты әскери-өнеркәсіптік кешендер.
Әскери өндірістің дамуы жөнінен дүниежүзінде айтарлықтай орын алатын Ресейдің ғылыми-өндірістік әлеуеті өте жоғары, мұнда 2 мыңнан астам әскери кәсіпорын бар.
Әскери өндірісті күнделікті адам тұрмысынан қажетті өнімдер жасауға көшіруді конверсия деп атайды.
1970 жылдан бастап әдемдік деңгейде халықаралық лаңкестік әрекеттерінің заңсыздығы жөніндегі бірқатар келісімшарттар қабылданған, олардың арасында 1970 жылы Гаагада қабылданған «Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы келісімшарт»; «Кепілгерлерді ұстаумен күрес туралы келісімшарт» (Нью-йорк, 1979ж.); «Лаңкестікті қаржыландырумен күрес жөніндегі келісімшарт» (1999ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |