Дүниежүзілік мұхит мәселелері
Дүниежүзілік мұхиттың биологиялық қорларына деген сұранысты күшейткен ғаламдық мәселе – азық-түлік мәселесі
АҚШ-та Гольфстримнің орасан зор энергиясын пайдалану жобасы жасалған, ол үшін судың терең қабатында диаметрі 80 метрлік турбиналар орнату көзделген. Мұндай турбиналар арқылы 100 млн кВт электр қуатын алуға болады.
Жерорта теңізі жағалауы бойында 20-ға жуық ел орналасқан, онда 130 млн-нан аса халық тұрады. 260 порты бар , онда бір мезгілде 2,5 мың алысқа жүзетін және 5 мың каботаждық кеме тоқтай алады. Оның теңіз жолдары арқылы жылына 400 млн тоннадан астам мұнай тасымалданады.Сондай-ақ оның жағалауында жылына 90 млн-ға дейін адамдар демалады.
БҰҰ 1982 жылы «Теңіздер хартиясы» деп аталған конвенция қабылдады. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аумағын белгілеп, ондағы жағалық мемлекеттердің де мұхиттың биологиялық және минералдық қорларын пайдалануға құқы бар екенін айқындап берді.
Геоглобалистика
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғаламдық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылым саласын глобалистика деп атай бастады.
Глобалистикалық зерттеулер «ғаламдық тұрғыда ойлау – жергілікті жерде әрекет ету» дегенді ұстанады. Оның құрамында ХХ ғасырдың 80-жылдары ғаламдық география немесе геоглобалистика саласы қалыптасты.
Қазіргі кезде ғаламдық тұрғыда адамзаттың мекен ортасын анықтайтын «Жер – ортақ үй», яғни біртұтас экологиялық кеңістік ұғымы пайда болды.
Геоглобалистика жалпы ғаламшарда болып жатқан құбылыстар мен үдерістерді кешенді, интегралды тұрғыда зерттейді.
Халықаралық ғылыми бағдарламалар:
Халықаралық климатты зерттеу бағдарламасы
Халықаралық геосфералық биосфералық бағдарлама
Халықаралық геофизикалық жыл
Халықаралық гидрологиялық бағдарлама
Халықаралық биологиялық бағдарлама
Достарыңызбен бөлісу: |