Перифериялық елдер – әлемдік экономика орталықтары мен маңызды халықаралық қатынас жолдарынан шалғайда орналасқан елдер.
Транзиттік елдер – аумағы арқылы маңызды халықаралық қатынас жолдары өтетін елдер. Мемлекет аумағы – белгілі бір мемлекеттің егеміндігіндегі географиялық кеңістіктің бөлігі. Тиімді аумақтар – ел аумағындағы игерілген аудандар үлесі.
Мемлекет аумағының морфологиялық ерекшеліктері ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шегаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Мемлекет аумағының басты белгілері
Дүниежүзі бойынша жерінің ауданы тоғыз елді Ресей Фердерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы, Үндістан, Аргентина, Қазақстан атауға болады. Олардың жер аумағы бірігіп, адам қоныстанған құрлықтың 55,8%-ын алып жатыр.
-
|
Мемлекеттер типі
|
Аумағы
|
Ел
саны
|
Жалпы ауданы
|
Млн км2
|
%
|
1
|
Алып
мемлекеттер
|
2,5 млн км2-ден астам
|
9
|
75,8
|
55,8
|
2
|
Ірі мемлекеттер
|
350 мың – 2,5 млн км2
|
|
45,2
|
33,3
|
3
|
Орташа
мемлекеттер
|
150 – 350 мың км2
|
|
7,1
|
5,2
|
4
|
Шағын
мемлекеттер
|
30-150 мың км2
|
|
3,5
|
2,6
|
5
|
Ұсақ мемлекеттер
|
30 мың км2-ден аз
|
|
1,8
|
1,3
|
6
|
Тәуелді аймақтар
|
|
2,3
|
1,7
|
|
Барлығы
|
|
135,8
|
100,0
|
Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.
Мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу
Аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша елдердің типтері: Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер, біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер, шашыраңқы мемлекеттер, құрамында анклавтар бар мемлекеттер.
Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер: Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия. Бұл топтағы мемлекеттердің аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр.
Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер: Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б. Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді.
Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатқан мемлекет – Перу
Шашыраңқы мемлекеттер: Индонезия, Филиппин сияқты аралды мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.
Құрамында анклавтар бар мемлекеттер: Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтары жатады.
Елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандар болып табылатын – анклавтар 59-Мемлекеттік шегаралардың функциясы, түрлері, анықтау және белгілеу шаралары, динамикасы Мемлекеттік шегаралар бөлуші, жалғастырушы және сүзгілік функциялар атқарады.
Мемлекттік шегаралардың бөлуші функциясы елдер арасындағы адам, тауар және басқа қозғалыстарын шектеумен анықталады.
Шегаралардың жалғастырушы функциясы көршілес мемлекеттердің шаруашылық байланыстарын нығайту, шегаралық аудандарда бірлескен жобалар жасау, табиғат ресурстарын бірлесіп пайдаланудан көрінеді.
Мысалы: Қазақстанның Қытаймен шегаралас бөлігінде ауданы 560 га болатын «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы құрылған. Оның қазақстандық жағының жалпы көлемі 217 га, қытайлық жағы 343 га құрайды.
Шегаралардың сүзгілік функциясы – елдің аумағына келетін қауіп-қатерді, теріс ағымдар мен тиым салынған тауарларды, адамдар легін өткізбеу мақсатын көздейді.
Мемлекеттік шегараларды табиғи және жасанды деп бөледі.
Табиғи шегаралар – елдердің аумақтарын бөліп жатқан табиғи шептер (теңіз, өзен, көл, тау жоталары және т.б.) арқылы өтеді. Жасанды шегаралар – адам қолымен жасалған арнайы инженерлік құрылғылар көмегімен белгіленеді. Жасанды шегараларға мысал ретінде Африка елдерінің шекараларын атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |