Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау



бет14/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымы және модельдері.

Дүниежүзілік шаруашылық құрамы негізгі жеті аймаққа жіктеледі: Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Африка, Аустралия және Мұхиттық аралдар, ТМД, Еуропа мен Азия.
шаруашылықтың аумақтық құрылымы оның аумақтық түзідімдерге жіктелуі
Аймақ – бір аумақта орналасқан, ортақ белгілері бойынша біріктірілген елдер тобынан тұратын ірі аумақтық құрылым.
Аймақша – тарихи, табиғи және экономикалық жағдайлары, шаруашылық мамандануы мен орналасу ерекшеліктері бар аймақтың ірі бөлігі.

Ел – мемлекеттік егемендікке сәйкес шегаралары мен біртұтастығы бар, шаруашылығыгың өзіндік даму, мамандану жағдайлары және құрылымы бар аумақ.


Экономикалық аудан – өзінің өндірістік мамандауны, тығыз ішкі экономикалық байланыстары бар және елдің басқа бөліктерімен өзара байланысқан ел шаруашылығының географиялық тұрғыда біртұтас аумағы.


Өнеркәсіп торабы – шағын аумақта жинақы орналасқан, технологиялық және экономикалық тұрғыда байланысқан өндірістердің тобы.
Өнеркәсіп орталығы Өзара байланыстары жоқ, бірақ бір қалада орналасқан әртекті кәсіпорындардың жиынтығы.









  1. Дамыған елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы


Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар:

    • Үлкен Лондон мен Үлкен Париждің астаналық аудандары;

    • Германиядағы оңтүстік аудан;

    • Италиядағы Милан-Гурин-Генуя өнеркәсіп үшбұрышы;

    • Нидерландтағы Рандстад агломерациясы;

Қазіргі кезде жоғары дамыған елдердегі экономикалық саясат жоғары деңгейде урбандалған аумақтардың, әсіресе астаналық аудандардың шамадан тыс өсуін тежеуге бағытталған.
Қалалық агломерациялардың ауыртпалығын азайту үшін салынатын нысан – серік қала (Лондон маңында 8 серік қала салынған)
Ескі өнеркәсіпті аудандар 18-19 ғасырлардағы өнеркәсіп революциялары кезінде қалыптасты. Таскөмір алаптары базасында қалыптасқан ең ірі аудан – Төменгі Рейн-Рур агломерациясы
Ескі өнеркәсіпті қалалар аудандар қатарына Батыс Мидленд, Ланкашир, Йоркшир, Оңтүстік Уэльс, Соотүстік аудан, Эльзас пен Лотарингияны жатқызуға болады.
Артта қалған аграрлық аудан Оңтүстік Италия, Орталық Массив(Франция), Аквитания, Солтүстік Батыс Корсика, Солтүстік Шотландия(Ұлыбритания)
Жаңадан игеріліп жатқан аудандар қатарына Аляска, Канаданың солтүстігі, Гренландия, Аустралияның шөлді аудандары жатады.

  1. Дамушы елдердегі шаруашылықтың аумақтық құрылымы.


Дамушы елдерде басты орталықтың қызметін атқаратын – астана
Теңіз жағалауындағы елдерде астана басты теңіз порты қызметін де атқарады. Мысалы Үндістандағы Мумбаи мен Калькутта, Бразилиядағы Сан-Паулу, Мароккодағы Касабланка қалалары осындай мәртебеге ие.
Егер астана немесе экономикалық астана жағалауда орналаспаса, олардың Дүниежүзілік мұхитқа шығуын қамтамасыз ететін порты болады, мысалы: Мехико үшін порт қызметін - Веракрус, Сантьяго үшін – Вальпараисо, Кито үшін – Гуаякиль атқарады.
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы индустриялық үшбұрыш – Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти
1960 жылы Бразилия астанасы теңіз жағалауындағы Рио-де-Жанейродан орталық бөліктегі Бразилиа қаласына ауыстырылды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет