Ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірбие
Жоғары дамыған елдердің ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап ресурс сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді.
БҰҰ-ның 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі Дүниежүзілік конференциясында тұрақты даму концепциясы қабылданды.
Экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар
Ғаламдық экологиялық саясаттың негізі 1972 жылы Стокгольм қаласында өткен БҰҰ қоршаған орта мәселелеріне арналған конференциясының Декларациясында қабылданған болатын. Декларацияда 26 принцип көрініс тапты.
Ғаламдық экологиялық саясатты үйлестіруші ұйымдар: ЮНЕП, Халықаралық табиғатты қорғау одағы, Бүкіләлемдік тұмса табиғат қоры, «Гринпис» экологиялық ұйымы, Ғаламдық экологиялық қор.
БҰҰ-ның тұрақты даму мәселесі бойынша конференциясын өткізушісі ретіндегі көшбасшы ел – Бразилия Құрал-жабдықтар мен экологиялық таза өнімдер шығарудан әлемдегі көшбасшы ел – Жапония
Қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру негізіне Б.А.Федорович, Н.А.Гвоздецкий мен А.В.Николаев ұсынып, А.В.Чигаркин толықтырған табиғи аудандардың сызбасы алынды.
1994 жылы жасалған Қазақстанның геоэкологиялық картасының авторы – А.В.Чигаркин Экожүйедегі биотикалық құрамды бағалаудың үш салалы критерийі: тақырыптық, кеңістік және
динамикалық түрлері енгізілген.
-
Геоэкологиялық аудандастырудың бағалау
критерийлері
|
Критерийлер құрамы
|
Тақырыптық
|
Су, топырақ, ботаникалық, зоологиялық және
т.б.
|
Кеңістік
|
Салыстырмалы түрде шағын, өте ауқымды
аумақтар
|
Динамикалық
|
Қалыпты, динамикалық, орташа динамикалық,
күшті динамикалық
|
Достарыңызбен бөлісу: |