Картодиаграмма әдісі – абсолюттік статистикалық мәліметтерді әкімшілік бөліне бірліктері бойынша картограмма түрінде көрсету.
Картограмма әдісі – географиялық картада салыстырмалы статистикалық көрсеткіштердің нүкте және түс қанықтығы бір-бірінен ажыратылатын бояумен берілуін атайды.
Картограммалар фон құраушы және нүктелік болып бөлінеді.
Аумақтық пайдаланылу деңгейіне қарай ГАЖ: ғаламдық, ұлттық, региондық, жергілікті, муниципалдық деп жіктеледі.
Жүктелік міндетіне қарай ГАЖ: жер бетілік, экологиялық, геологиялық, теңіздік, оқу-танымдық деп бөлінеді.
Табиғатты пайдалану түрлері
Табиғат пен қоғам күрделі жүйесінің бір бөлігі – адам.
Табиғатты пайдалану жолдарын жіктеген атақты орыс экологы – Н.Ф.Раймерс.
Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін.
Табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырған Америкалық ғалым – Юджин Одум
Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаны қорғау мәселесінің даму сатысында экологиялық қауіпсіздік деген жаңа түсінік туындап отыр.
Табиғатты тиімді пайдалану шаралары:
Мәдени ландшафтыларды қалыптастыру
Шикізатты толықтай, қалдықсыз өңдеуге мүмкіндік беретін озық технология түрлерін пайдалану
Қалдықтарды қайта өңдеуден өткізу
Қорғауға алынатын аумақтарды барынша ұлғайту
Флора мен фаунаны сақтауды қамтамасыз ету
Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Әрбір Жер шары тұрғынына орташа есеппен 0,2 га жер тиесілі, Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,3 га Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе – жердің деградациясы.
Биологиялық ресурстардың маңызды түрі – орман ресурстары. Орман аумағының екінші рет қысқаруы басталды – Еуропада
Орманның үшінші жойылу кезеңі немен байланысты – еуропалықтардың Жаңа дүниені игеруімен Орманның төртінші қысқару кезеңі басталды – ХХ ғасырдың басынан.
Орманның төртінші қысқару кезеңі тән елдер: Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бразилия.
-
Орман алқаптарының адамның шаруашылық әрекеті әсерінен қысқару кестесі
|
Реті
|
Сипаты, ауқымы
|
Бірінші
(алғашқы)
|
Жерорта теңізі жағалауы, Үндістан, Қытайдың шығыс бөлігінде
ауылшаруашылық мақсатта пайдалануымен байланысты белең алды.
|
Екінші
|
Орта ғасырларға тән, Еуропа аумағынан басталды
|
Үшінші
|
Еуропалықтардың Жаңа Дүниені игеруімен байланысты, онда ормандардың орнын егіс алқаптары, жайылымдар, қалалар мен ондағы түрлі құрылыс
орындары алмастырған болатын.
|
Төртінші(қазіргі)
|
ХХ ғасырдың басынан басталды, тропик манайындағы Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бразилия сияқты елдерде ерекше белең алды. Олардағы ағаш сүрегін дайындау ісі бұрынғы көрсеткіштерден 5-7 есеге күрт өсіп кетті,
нәтижесінде орман алқабының 90%-ға жуығы жойылды.
|
Орманның ең алғашқы жойылуы белең алған аумақтар – Жерорта теңізінің жағалауы, Үндістан, Қытайдың шығыс бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: |