Дәл қазіргі ұғымдағы салыстыру әдістерін география ғылымына алғаш рет ХІХ ғасырда неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды.
К.Риттердің еңбектері: «Табиғат пен адам тарихына қатысты жертану», «Жалпы салыстырмалы география»,
«Салыстырмалы жертану туралы идеялар»
Синхронды салыстыру – біртекті нысандардың белгілері мен көрсеткіштерін бір уақыт кезеңінде салыстыру.
Диахронды салыстыру – бір немесе бірнеше нысанның белгілері мен көрсеткіштерін әртүрлі уақыт кезеңдері бойынша салыстыру.
Баламалау әдісі – басқа ғылым саласында жақсы зерттелген нәрсе мен салыстыру негізінде балама табу арқылы зерттеу.
Жер шарын тірі ағзаға теңеген – ежелгі грек оқымыстысы Платон.
2018 жылы еліміздегі ең жоғары туу коэфициенті Маңғыстау облысында(29,7%), ең төмен көрсеткіш Сотүстік Қазақстан облысында (12,9%)
ХХ ғасырдың екінші жартысы – «сандық революция»
Зерттелетін құбылыс пен нысанның жай күйі мен өзгерістерін сипаттау үшін құрастырылады – «мерзімдік қатар»
Сандық әдістер – деректерді талдау үшін қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы.
Мерзімдік қатар – уақыт мерзімі бойынша ретке келтірілген сандық көрсеткіштер жиынтығы.
Теңгерім әдісі – кіріс пен шығыс түріндегі теңгерімдік ағындар тән болатын жүйелердің дамуын талдау, болжау үшін қолданылатын есептеу тәсілдерінің тобы.
Қазіргі географияда кеңінен қолданылатын математикалық әдістердің бірі – географиялық жүйелерді математикалық үлгілеу.
Географиялық сараптамалар сипатына байланысты экологиялық-географиялық және экономикалық- географиялық болып бөлінеді.
Топтық сараптаманың ең кең тараған түрі – Дельфи әдісі.
Дельфи әдісі 1964 жылы америкалық зерттеу орталығы «РЭНД» корпорациясында негізделген. Дельфи әдісінің ерекшеліктері: көп деңгейлілігі, жасырындылығы, салыстырмалы түрде әділдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |