Геоэкологиялық зерттеулер: аумақты шаруашылық пайдалануға қатысты зерттеу, аумақтардың геоэкологиялық жағдайына баға беру, аумақтардың рекреациялық әлеуетін бағалау, геоэкологиялық жоспарлау, геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжаулар.
Геосфералардың ластануы
Экологиялық жағдай екі басты фактордың (қоршаған ортаның ластануы және оның өздігінен тазаруы) ықпалымен қалыптасады.
Кеңістік қамтуына байланысты ластанулар 3 топқа бөлінеді: нүктелік (зауыт), алаңдық (көмір карьері), сызықтық (транспорт магистральдары)
Ластануды жаратылысы жағынан 4 негізгі топқа бөледі: химиялық (газ, химиялық элементтер, түтін), физикалық (радиоактивті, электромагниттік, шу, жылу), биологиялық (бактериологиялық, вирустық, арамшөптер), эстетикалық немесе визуалдық (табиғи ландшафтың күрт өзгеруі, қайталанбас табиғат құбылысының бұзылуы, құрылыс)
Табиғи ортаның ластану көрсеткіші ретінде атмосфераның ластану индексі (АЛИ) алынады.
Геоэкологиялық аудандастыру
Нақты бір регион немесе геожүйедегі экологиялық жағдайдың қаншалықты шиеленсіті екенін көрсететін –
геоэкологиялық аудандастыру.
Қазақстан аумағы экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша қазақстандық геоэколог А.В.Чигаркиннің
ұсынуымен экологиялық тұрғыда 5 деңгей мен 47 провинцияға бөлінеді.
Қазақстанның табиғи ортасындағы экологиялық шиеленіс деңгейі
-
Экологиялық шиеленіс деңгейі
|
Табиғи ортадағы экологиялық шиеленістің
критерийлері
|
Геожүйенің бұзылуы
% есебімен
|
Кіретін аймақтар
|
1) Апатты деңгей
|
Көптеген табиғат компоненттерінің түбегейлі, қайтымсыз өзгерістері тән аумақтар
|
81-100
|
Арал теңізі, Кенді Алтайдың өндірістік ареалы, Семей ядролық полигоны, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс
жағалауы
|
2) Қауіпті деңгей
|
Көптеген табиғат компоненттерінің үлкен, алайда қайтып қалпына келтіруге болатын өзгерістері тән аумақтар
|
61-80
|
Балқаш, Жамбыл, Жезқазған, Қызылорда, Теміртау, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Соколов- Сарыбай, Павлодар, Екібастұз, Жетібай- Өзен, Теңіз, Байқоңыр ғарыш полигоны, Возрождение полигоны, Ертіс,
Сырдария, Нұра, Арыс өзендері, Балқаш көлі
|
3) Шиеленіскен деңгей
|
Жекелеген табиғат компоненттері едәуір қолайсыз өзгерістерге ұшыраған, алайда қалпына келтіруге болатын аумақтар тән
|
41-60
|
Ембі, Ақтөбе, Қарашығанақ, Ақшатау, Атасу- Қаражал, Ақтау, Атырау, Семей қалалары, Қапшағай және Шардара су бөгендерінің аквальды кешендері,
Іле, Шу өзендері
|
4) Қанағаттанарлық деңгей
|
Табиғат компоненттерінің айқын, алайда тез арада қалпына келтіруге болатын өзгерістер тән аумақтар
|
21-40
|
Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Талдықорған, Петропавл, Орал қалаларының урбо- өндірістік кешендері, Есіл, Талас, Тобыл, Сарысу, Жайық
өзендерінің аквальды кешендері
|
5)Қолайлы деңгей
|
Қолайсыз экологиялық өзгерістер байқалмайтын аумақтар.
|
0-20
|
Қазақстанның адам аз қоныстанған аймақтары; шөлейттер, шөлдер, таулы аймақтар және
т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |