Географиялық сараптама – қоршаған ортаның қазіргі жағдайына кешенді баға беру және оның табиғи факторлар мен адам әрекеті нәтижесінде өзгеру жағдайлары туралы ғылыми негізделген болжам жасау.
Сарапшы – сараптаманы жүргізуші білікті және тәжірбиелі маман.
Экологиялық-географиялық сараптама – өндірісті аумақтың табиғи ортасы мен табиғат ресурстарының жай- күйін сандық-сапалық бағалау және өзгерістерін сараптау.
Экономикалық-географиялық сараптама– аудандық жоспарлау және экономикалық нысандарды жобалау негіздемесін жасау мақсатында аумақтық жобаларды сараптау.
Ұжымдық идеялардың генерациясы арқылы жүзеге асатын әдіс – «миғашабуыл»
Аудандастырудың ғылыми негіздері 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында қалыптасты. Аудандастыру негізінде – географиялықкеңістік жіктеледі.
Географиялық кеңістік аудандастыруда зерттеу нысанына байланысты ареалдарға жіктеледі. Біртекті ареалдарды анықтауда ұқсас нысандар екі түрлі тәсілмен біріктіріледі: қосужәнебөлу.
Физикалық географияда табиғи жүйелерді аудандастырудың екі негізгі әдісі қолданылады: жетекші фактор
әдісі және беттестіру әдісі.
Географиялықаудандастыру – аумақты географиялық жағдайларының біртектілігі бойынша кеңістік жіктеу.
Аумақтықжүйе – белгілі бір аумақтағы қоршаған орта мен қоғамдық элементтердің өзара байланысқан кеңістік үйлесімі.
Географиялық кеңістік– белгілі бір аумақта орналасқан және уақытқа сәйкес дамитын географиялық нысандар арасындағы қатынастардың жиынтығы. (Э. Алаев)
Ареал – (латынша облыс, аудан, кеңістік) жер бетінде белгілі бір құбылыстың, нысандардың немесе ұқсас жағдайлардың ағзалар қауымдастығының таралу аумағы.
Экономикалық және әлеуметтік географияда аудандастырудың негізгі екі әдісі қолданылады: сапалық талдау және сандық тәсілдеме.
Әртүрлі деңгейдегі аумақтық бірліктер: таксондар