12 Дүниежүзі елдерін салыстыру
56-Қазақстанның бәсекеге қабілеттік рейтингі
Бәсекеге қабілеттіліктің ең беделді және танымал рейтингтері – Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) жасайтын Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық рейтингі және Халықаралық менеджментті дамыту институты құрастыратын елдердің бәсекеге қабілеттік рейтингі.
ДЭФ бәсекеге қабілеттік рейтингін 1991 жылдан бері есептеуде. Интегралды көрсеткішті есептеудің әдіснамалық негізі ретінде М.Портердің зерттеулері басшылыққа алынған.
Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші
-
Базалық факторлар
|
Тиімділік факторы
|
Инновациялық факторлар
|
Институттар
Инфрақұрылым
Микроэкономика
Денсаулық және бастауыш білім беру
|
Жоғары білім беру және кәсіптік оқыту
Нарықтық тиімділігі
Технологиялық дайындығы
|
Инновациялық қабілеті
Іскерліктің даму деңгейі
|
Бәсекеге қабілеттілікті дамыту кезеңдері
-
Дамудың
бірінші кезеңі
|
Елдер арзанқол жұмыс күші мен табиғат ресурстары негізінде бәсекелестік жүргізеді
|
Дамудың
екінші кезеңі
|
Жалақы мен еңбек өнімділігінің өсуі
|
2019 жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша елдердің ғаламдық бәсекеге қабілеттік индексі рейтингінде 141 елдің 55-орында болды.
Елдердегі өмір сүру деңгейін бағалау көрсеткіштері: Тұрғын халықтың табыс мөлшері, адамдардың өмір жасының ұзақтығы, денсаулық сақтау сапасы, демалыс және туризм, тұрғын үй, білім беру сапасы, тамақтану сапасы, мәдениеттің дамуы, қауіпсіздік
Қазақстанда жастарға арналған бағдарламалар: «7-20-25», «5-10-20», «Бақытты отбасы», «Баспана», «Нұрлы жер», «Алматы жастары», «Өз үйім»
Кешенді елтанудың басты мақсаты – әртүрлі аумақтардың біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру. Елтану бағытының негізін салған ресейлік ғалым – Н.Н.Баранский
Елдерге кешенді сипаттама синергетикалық әдіс арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сипаттама беруде география ғылымдарының ғана емес, тарих, статистика, әлеуметтану, саясаттану және т.б. деректерді кеңінен қолданады.
Кешенді сипаттамалардың үлгілерін берген – Н.Н.Баранский, Я.Г.Машбиц
Достарыңызбен бөлісу: |