Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау



бет40/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Геосаясат негіздері

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама-қайшылықты үдерістер тән болады: ғаламдану және антиглобализм.
Ғаламданудың кері салдары:



    1. ғаламдану ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың әркелкілігі мен тұрақсыздығын одан әрі күшейте түседі.

    2. ғаламдану мемлекеттің макроэкономикалық реттеуші рөлін шектейді, мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарға ықпал ету құралдарын өзгертеді.

    3. ғаламдану әртүрлі салалардағы кері сыртқы әсерлердің жаппай таралуына жағдай жасайды.



7






Қазақстанның геосаяси жағдайы:

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полтгонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.


2011 жылы 12 қазанда Астана қаласында БҰҰ жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем жөніндегі Декларациясы қабылданды.
2016 жылы 31 наурызда Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит алаңында тұңғыш президент Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін ұсынды.

8


Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі



Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне ықпал ететін ең басты сыртқы фактор – үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі. Аймақта ірі жанжал бола қалса, екі ірі ядролық мемлекет (Ресей, Қытай) аралығында жатуы Қазақстан үшін қолайсыз салдарға алып келуі мүмкін. Орталық Азияның саяси жағдайы тұрақсыз аумақтармен (Ауғанстан) шектесуі мемлекет аумағын лаңкестерден, есірткі саудасынан, діни экстремизмнен қорғауды қажет етеді.


Геосаяси қауіпсіздікті сақтаудың басты мақсаты – мемлекеттің геосаяси мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстанның ұлттық және геосаяси қауіпсіздігі заңнамалық негізде бектілген. 2012 жылы 6 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң еліміздің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді.


2003 жылы ҚР Президентінің бұйрығымен лаңкестікпен, діни экстремизммен күресте барлық күштер құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Лаңкестікке қарсы орталық құрылды.
Сонымен қатар Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің саяси шешімі Азиядағы Әрекеттестік пен сенім шаралары кеңесін (АӘСШК) шақыру туралы Қазақстанның бастамасымен байланысты. Оның саммитері 2002 және 2006 жылдары Алматы қаласында өтті.
Қазақстанның геосаяси интеграциясы:

Біріккен ұлттар Ұйымы. Қазақстан 1992 жылдан бері БҰҰ мүшесі ретінде ұйым жарғысының мақсаттары мен міндеттеріне, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына шынайы берілгендігін көрсете білді.



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.


1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында 11 егеменді мемлекет басшылары құрамындағы барлық мемлекеттер тең құқықты негізде ТМД-ны құру туралы Келісім Хаттамасына қол қойды. 1993 жылдың желтоқсанында Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымы.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Ресей және Тәжікстан басшылары шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы қол қойды. Мақсаты – өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.



Атом Энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік. (АЭХА)


Аталған ұйым 1955 жылы 3 желтоқсандағы БҰҰ шешімімен 1957 жылы БҰҰ жүйеісндегі тәуелсіз үкіметаралық ұйым ретінде құрылды. Қазақстан Республикасы 1994 жылы 14 ақпанда АЭХА мүшелігіне қабылданды. 1994 жылы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстанның өтініші бойынша 1993-1994 жылдары бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағындағы радиациялық жағдайды зерттеу үшін АЭХА ұйымдастырған халықаралық сараптамалық топтардың миссиялары өткізілді.
2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» пен АЭХА бірлесіп, «Ядролық материалдардың есебі мен бақылауы, физикалық қорғау, экспорттық және кедендік бақылау. Ядролық материалдарды сәйкестендірудің жаңа әдістері жобасын жүзеге асыруды бастады.
Еуропалық Одақ.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылған болатын .


Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ЕО-ның сенімді және жауапты энергетикалық әріптесі ретінде орнықты. Қазақстан – Ресей және Норвегиядан кейінгі ОПЕК-ке мүше емес елдер ішіндегі Еуропаға энергия тасымалдаушы төртінші ел болып табылады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы.

Қазақстан 1992 жылы ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет мәртебесін алды.


Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланып, Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ самитті өтті.


Әскери саяси бағытта ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сенім шараларын күшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты жан-жақты қолдауды жалғастыруда.
Елтану
ХІХ ғасырда Ф.Ратцель ғылымға мәдени зоналар, өмір сүру кеңістігі, ұғымдарын енгізді.

Қазіргі заманғы аймақтану парадигмасын американдық географ Ричард Хартшорн негіздеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет