Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау


Елдердің адам дамуының индексі (АДИ) көрсеткіші бойынша салыстыру



бет49/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Елдердің адам дамуының индексі (АДИ) көрсеткіші бойынша салыстыру





  1. Карта бойынша АДИ көрсеткіші ең жоғары елдер

  1. Белорусь, Қазақстан, Ресей

  2. Аустралия, АҚШ, Швейцария

  3. Қытай, Жапония, Бразилия

  4. Италия, Мексика, Грекия

  5. Жапония, Тайланд, Үндістан

  1. АДИ деңгейі төмен аймақ

  1. Оңтүстік Азия

  2. Орталық Африка

  3. Солтүстік Африка

  4. Оңтүстік Батыс Азия

  5. Шығыс Азия

  1. Егер АДИ бойынша елдің рейтингісі жалпы ішкі өнім рейтингісімен салыстырғанда жоғары болса, онда

  1. Экономикалық өрлеу ел экономикасын дамытуға бағытталады


  2. Экономикалық өрлеу мен адам дамуы арасында байланыс болмайды



  3. Экономикалық өрлеу адам мүмкіндіктерін дамытуға пайдаланылады

  4. Жан басына шаққандағы табыс деңгейлерінде айырмашылық болады

  5. Экономикалық өрлеу әлеуметтік жағдайға бағытталады

  1. АДИ көрсеткішінің Африка елдерінде төмен болу себебі

  1. Өндірістің қарқынды дамуы

  2. Өмір сүру ұзақтығының жоғарылығы

  3. Ересек тұрғындардың сауатсыздығы

  4. Өмір сүру ұзақтығының өсуі

  5. Климаттың қолайсыздығы

  1. Катар ЖІӨ бойынша І орында, ал АДИ көрсеткіші бойынша 33 орында болу себебі

  1. Экономикасы қарқынды дамуда

  2. Халықтың өмір сүру сапасы төмен

  3. Табиғи ресурстардың көп болуы

  4. Өмір сүру ұзақтығы жоғары

  5. Сауаттылық деңгейі жоғары


Геоэкономикалық зерттеулер


Геоэкономика елдер мен аймақтардың экономикалық даму үдерістерін халықаралық құрылымдар мен экономикалық қатынастарды, геосаяси жағдайдың экономикағы ықпалын зерттейді.



  1. Ғаламдық деңгейде экономикалық дамудың заңдылықтарын және мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі экономикалық стратегиялары мен тактикаларын зерттейтін ғылым саласы

  1. Геосаясат

  2. Экономикалық география

  3. Геоэкономика

  4. Әлеуметтік география

  5. Саяси әлеуметтік география

  1. Ғаламдық стратегиялар мен басқару, саясат пен экономиканың халықаралық қатынастарда тоғысуын зерттейтін геоэкономиканың саласы

  1. Басқару және инфрақұрылым

  2. Локалистика мен жаһандану

  3. Елтану мен аймақтану

  4. Саясат пен экономика

  5. Әлеует пен экономика

  1. Географиялық жағдайларды зерттеу саласы бойынша кіріктірілген пәндер

  1. Физикалық және экономикалық география

  2. Физикалық және саяси география

  3. Экономикалық және әлеуметтік география

  4. Физикалық және әлеуметтік география

  5. Саяси және әлеуметтік география

  1. Экономиканың әлемдік өзгерістері кезінде мемлекеттің қабілеттілігін арттыруға негізделген зерттеу саласы

  1. Локалистика мен жаһандану

  2. Елтану мен аймақтану

  3. Бәсекеге қабілеттілік

  4. Саясат пен экономика

  5. Әлеует пен экономика

  1. Саясат пен экономиканың өзара байланысына кешенді зерттеу нәтижесінде дамуы

  1. Урбанизация

  2. Саяси тұрақсыздық

  3. Аймақтық қауіпсіздік

  4. Мұхиттарды зерттеу

  5. Ғаламдық басқару


Арал теңізіндегі апатты жағдайдың ғарыштық мониторингісі


Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық орталығы бірінші рет 1992 жылы «Арал өңірінің экологиялық картасын» жасады. Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде. Егістік жерлер мен мал жайылымдарын құм мен тұз басып пайдаланудан қалды. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізді. Теңіз маңында тұратын жас балалардың денсаулығында ақаулар байқалады. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Арал теңізінің қазіргі апатты жағдайы дүниежүзі елдері географтарының назарын аударуда. 1998 жылы Халықаралық конгресте Арал мәселесі талқыланды.



  1. Арал теңізін зерттеу үшін түсірген әдіс

    1. Далалық зерттеу

    2. Қашықтықтан зондтау

    3. Салыстырмалы зерттеу

    4. Ғарыштық түсірілім

    5. Сандық әдіс

  1. Арал теңізінің тартылуының басты себебі

  1. Жер бедерінің жазыңқы болуы

  2. Балықты шектен тыс аулау

  3. Шөгінді аймақтың болуы

  4. Жауын шашын аз түсуі

  5. Суармалы егістің ұлғаюы

  1. Түсірілім арқылы Арал теңізін мониторингілеу шарты

  1. Картографиялық модельдеу

  2. Табиғатты қорғау және болжау

  3. Экономикалық шығынды анықтау

  4. Аймақты картографиялау

  5. Ғарыштық суреттерді интерпретациялау

  1. Екіге бөлінген Арал теңізінің Қазақстан аймағындағы бөлігі

  1. Барсакелмес

  2. Үлкен Арал

  3. Кіші Арал

  4. Возрождение

  5. Ақтұмсық

  1. 1998 жылы Амстердамда өткен Халықаралық конгрессте қаралған мәселе

  1. Арал теңізінің экологиялық картасы

  2. Халықаралық қор ұйымдастыру

  3. Арал балаларының денсаулығы

  4. Арал аймағындағы тіршілік дүниесі

  5. Арал тағдырына қатысты іс шара


Геоэкологиялық зерттеулер негіздері-2


Геоэкология – экология жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейде зерттейді. (картадағы қызыл түспен белгіленген – апатты аймақтар, сары түспен – шиеленіскен, жасыл түспен – қолайлы)



  1. Адам әрекетінен өзгеріске ұшырау дәрежесін бағалау нәтижесінде тіршілікке қолайсыз экожүйелерінің кешенді бірігуі

  1. Физикалық аудандастыру

  2. Геоэкологиялық аудандастыру

  3. Экономикалық аудандастыру

  4. Аймақтың экожүйелер

  5. геоэкожүйелер

  1. Қолайсых экологиялық өзгерістер байқалмайтын , адам аз қоныстанған аймақтардың логикалық деңгейі

  1. қолайлы

  2. қауіпті

  3. шиеленіскен

  4. қанағаттанарлық

  5. апатты

  1. Қазақстандағы апатты деңгейдегі аудандар

  1. Атырау, Арал

  2. Балқаш, Семей

  3. Арал, Семей

  4. Байқоңыр, Арал

  5. Балқаш, Арал

  1. Қазақстандағы қолайлы деңгейдегі аймақтар

  1. Тұран, Бетпақдала

  2. Үстірт, Мұғалжар

  3. Сарыарқа, Маңғыстау

  4. Мұғалжар , Тұран

  5. Үстірт, Бетпақдала

  1. Табиғат ортасының терең үдемелі экономикалық жағдайының өзгерістерімен сипатталатын табиғат жағдайының деңгейі

  1. Шиеленіскен

  2. Апатты

  3. Апатты

  4. Қанағаттанарлық

  5. қолайлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет