Қазіргі кезде дүниежүзінің 32 елінде АЭС бар немесе салынып жатыр, олардағы блоктардың жалпы саны 449- ға жетіп отыр. Олардың үлесіне дүниежүзінде өндірілетін электр энергиясының 11%-ы тиесілі.
Шикізат түрі
Қоры
Пайдалану болашағы
1
Мұнай
270-300 млрд т
Жылына 3 млрд т жұмсалады.
Қоры 30-50 жылға жетеді
2
Табиғи газ
145 трлн м3
Жылына 2300 млрд м3 жұмсалады.
Қоры 30-60 жылға жетеді
Қазіргі кезде Жер шарында 7,6 миллиардтан астам халық тұрады. Дүниежүзі халқының екі еселенуі байқалған жылдар: 1500, 1800, 1900, 1985
18 ғасырда ағылшын ғалымы Т.Мальтус азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің халық санының артуына сәйкес келмейтіндігі туралы әйгілі болжамын жариялады. Ғалымдар тарапынан қызу талас тудырған Мальтус болжамында Жер шары халқының өсуі геометриялық прогрессия бойынша, ал азық-түлік өндірісінің артуы арифметикалық прогрессия бойынша жүреді.
БҰҰ деректеріне қарағанда, дүниежүзіндегі дамыған 20 елде халықтың табиғи өсуін арттыруды қолдайтын саясат жүргізілсе, 85 дамушы елде халық санының өсуін тежеуге бағытталған демографиялық саясат жүзеге асырылуда.
Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай
орналасқан елдері
Халық санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуы себепті азық-түлік
дағдарысы басталған елдер
Гаити, Непал, Сальвадор
Жер шарында 1 миллиардтан астам адам азық-түліктің жетіспеуінен зардап шегеді. Аштықтан жыл сайын 13- 18 млн адам көз жұмса, оның ¾-ін балалар құрайды.
ФАО деректері бойынша дамушы елдер халқының 20%-дан астамы жартылай аштық жағдайында өмір сүруде. Дамыған елдер тұрғыны тәулігіне энергетикалық құндылығы орташа есеппен 3500 ккал мөлшеріндегі азық-түлікті пайдаланады, ал дамушы елдердің көпшілігінде бқл көрсеткіш 2200 ккал шамасында.
Гватемала тұрғындары тіршілікке қажетті энергияның 70%-ын жүгері өнімдерінен алса, Батыс Явада күріштің үлесі тіпті 90%-шамасында болады. Тропиктік Африка халқы тамаққа ямс, маниок, батат тәрізді тамыржемістілерді көбірек пайдаланады. Ямсты пайдалану Того, Кот-дИвуар елдерінің әр тұрғынына шаққанда тәулігіне 0,5-1 кг-ға дейін жетеді.