63-70Дүниежүзілік саяси-географиялық аудандастыру.
Британдық ғалым Хэлфорд Джон Маккиндер (1861-1947) дүниежүзін саяси-географиялық тұрғыда аудандастырудың алғашқы үлгісін жасады. Маккиндер саяси тұрғыда дүниежүзін орталық, ішкі жарты ай және сыртқы жарты ай деп үш аймаққа жіктеді.
Хартленд – Еуразия құрлығының солтүстік-шығысын қамтитын, әлемнің орталығы болып саналатын аймақ. Географиялық тұрғыдан алғанда хартлендке Ресей, Шығыс Еуропа, Қазақстан мен Орталық Азия жатады.
Маккиндердің «әлемдік арал» деген ұғымына Азия, Африка, Еуропа жатады. Ішкі жарты айға Еуразияның жағалық бөліктері, сыртқы жарты айға сыртқы, тысқары аймақтар жатады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында америкалық геосаясатшы С.Коэн әлемнің «көпполюстілігі» туралы тұжырым жасап, әлемнің анағұрлым күрделі геосаяси үлгісін жасады. Мұнда бүкіл әлем екі геостратегиялық облыс пен шеткі геосаяси аймаққа бөлінген.
С.Коэннің пікірінше, геостратегиялық облыстардың шегарсында жатқаг аудандарға саяси тұрақсыздық тән болады.
Азияның экономикасын алып адамға теңеген – А.П.Кузнецов
Биік таулар, таулы үстірттер мен шөлдер тән болатын Оңтүстік Азияны кейде субконтинент деп те атайды. Оңтүстік Азияның экономикалық орталығы – Үндістан.
Елтану бағытының негізін салған ресей ғалымы – Н.Н.Баранский
Сипаттау география ғылым ретінде қалыптаса бастаған кезден бері пайдаланылып келеді, ал түсіндіру 18 ғасырдан бастап қолға алынды. Географиялық болжам мәселесі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап аса маңызды мәселеге айналды.
ЖІӨ-ні есептеу үшін үш негізгі әдіс пайдаланылады: құнды қосу, шығын бойынша есептеу, кіріс бойынша есептеу.
-
ЖІӨ = C+ Ig + G + NX
|
С
|
Халықтың тұтыну шығыстары
|
Ig
|
Ұлттық экономикаға жалпы жеке инвестициялар
|
G
|
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу
|
NX
|
Таза экспорт
|
Ғалымдар дүниежүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи, әлеуметтік- экономикалық, саяси, діни, медициналық, экологиялық, гуманитарлық факторларды атайды.
Әлемдегі туудың көрсеткіші 19 промилле, Туудың ең төмен көрсеткіші Еуропа елдерінде (10 промилледен аз), ал ең жоғары көрсеткіш Африкада (45 промилле), Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 промиллеге жетті.
Халықтың өмір жасының ұзақтығы әлем бойынша 2017 жылы 72 жасқа жетті.
Әлеуметтік прогресс индексі – әлуеуметтік дамудың үш маңызды жағын (адамның негізгі қажеттіліктері, әл- ауқат негіздері және мүмкіндіктері) қамтитын көрсеткіштердің жиынтығымен анықталады.
Әлеуметтік прогресс индексі рейтингінде Қазақстан 71-орын алады, көшбасшылар қатарында Норвегия, Исландия, Швейцария тұр. Дегенмен Қазақстан осы индекстің 5 көрсеткіші бойынша 1-орын алады: ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі, орта мектепке қабылданатын балалар үлесі, аштық деңгейінің төмендігі, мобильді желіге қосылу, электр энергиясының тұрғындар үшін қолжетімділігі.
Халықаралық Еңбек ұйымының мәліметтері бойынша 2018 жылы дүниежүзінде жұмыссыздар саны 172,5 млн адамға жеткен.
Экономикалық дағдарыс байқалатын елдер: Испания, Грекия.
Достарыңызбен бөлісу: |