Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау



бет25/53
Дата12.10.2024
өлшемі10,05 Mb.
#206260
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
ҰБТ Тақырып бойынша керемет

Мемлекеттік шегаралар – мемлекет егемендігінің кеңістік шегі, яғни мемлекет аумағының құрлықтағы, судағы, жер қойнауы мен әуедегі шептерін айқындайтын сызық.
Географиялық лимология – шегараларды зерттейтін ғылым саласы.
Шегаралар делимитациясы – көршілес мемлекеттердің арасында келіссөздер арқылы мемлекеттік шегаралардың жалпы ережесі мен бағыттарын анықтау.
Шегаралар демаркациясы – шегараларды делимитациялау жөнінде келіссөздерге сәйкес, жергілікті жерде шегаралық белгілер қою арқылы мемлекеттік шегараны анықтау мен белгілеу.
Цессия – мемлекеттердің өзара келісімі негізінде белгілі бір аумаққа иелік ету құқығыгың бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке берілуі.
Адъюдикция – халықаралық сот немесе арбитраж шешімі бойынша бір мемлекет құрамында болған аумақты басқа мемлекетке беру.
Акрреция – мемлекет аумғының құрлық бөлігінің табиғи немесе техногендік жолмен ұлғаюы.
Дүниежүзі бойынша 44 ел теңізбен шектеспейді, ал 36 мемлекеттің мүлде құрлықтық шегаралары жоқ. Құрлықтағы шегаралары ұзын болатын мемлекеттер арасында Қазақстан 5-орын алады.
Теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттердің басым көпшілігінде аумақтық сулар 3-12 мильдік жолақты құрайды.


1867 жылы АҚШ Алясканы Ресейден сатып алған. (Цессия)
1968 жылы Качское Ранно даулы ауданының 90%-ы Үндістанға, 10%-ы Пәкістанға өтті (адъюдикция)
1944 жылы Тува өз еркімен көршілес жатқан КСРО құрамына қосылды. (өз еркімен қосылу) 1917 жылы Финляндия Ұлы Князьдігі Ресей құрамынан бөлініп шығып, дербес мемлекет құру мүмкіндігін алды. (өз еркімен бөліну)
1964 жылы Танганьика мен Занзибар бірігіп, Танзания мемлекеті қалыптасты, 1971 жылы бұрынғы Келісімдік Омандағы бытыраңқы араб әмірліктерін өзара бірігуінен Біріккен Араб Әмірліктері деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды (өз еркімен бірігу)


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шегараларының қалыптасу үдерісі, басты көрсеткіштері мен


динамикасы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі деректері бойынша еліміздің құрлықтағы шегарасының ұзындығы 13394 км. Оның ішінде Ресей Федерациясымен шегара 7591 км, Өзбекстанмен 2354 км, Қырғыз Республикасымен 1241 км, Қытаймен 1782 км, Түрікменстанмен 426 км.
Каспий теңізі арқылы теңіздік шегараның ұзындығы 2000 км.
Бұрын КСРО құрамында болған мемлекеттердің шегараларын анықтайтын құжаттар:

    • Алматы Декларациясы 1991 ж. 21 желтоқсан

    • ТМД шеңберінде ынтымақтастық қағидаттарын сақтау туралы Декларация 1992 ж. 14 ақпан

    • ТМД-ға мүше мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шегараларының мызғымастығын сақтау туралы Декларация, 1994 ж. 15 сәуір

Декларация – халықаралық құқықта келісуші жақтардың ортақ принциптері мен мақсаттарын негіздейтін құжат.


  1. Дүниежүзін физикалық-географиялық аудандастыру



ХІХ ғасырда Ф.Ратцель мен неміс географы К.Риттердің ғылыми еңбектері негізінде аймақтану ілімі дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет